Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

Мемлекеттік кірістер органдары 6 891 азаматтың сұрақтарына жауап берді

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік кірістер органдары «WhatsApp» мессенджері арқылы 6891 азаматтың сұрағына жауап берді. Бұл туралы  Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік кірістер органдары 6 891 азаматтың сұрақтарына жауап берді

Негізінен, жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ жер және мүлік салықтарын төлеу тәсілдері, жеке тұлғаларға тиесілі салық жеңілдіктері, дара кәсіпкерлікті ашу, арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері, салық декларацияларын тапсыру мәселелері толғандырған.

Сондай-ақ, салық төлеушілердің басым бөлігі өздерінің салық қарыздарын білгісі келген және көлік салығын есептеу туралы сұрақтар қойған.

Еске сала кетейік, осыған дейін,  2018 жылдың 19 қарашасынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып  жүрген сұрақтарына жедел жауап беру үшін «WhatsApp» мессенджерін қосқан болатын.

Комитет меншікке салынатын салықтарға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда жеке тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша (көлік салығы бойынша) немесе жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша (мүлік, көлік) хабарласу қажет екенін айтты.

Сондықтан, осындай «WhatsApp» мессенджерлер аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерімен де қосылған.

Бүгінгі таңда  «WhatsApp» мессенджерлері келесі аумақтарда іске қосылған:

Астана қаласында 8-702-601-37-97 нөмірі бойынша;

Алматы қаласында 8-707-847-52-01 нөмірі бойынша;

Алматы облысында 8-701-976-67-76 нөмірі бойынша;

Шымкент қаласында 8-778-691-76-15 нөмірі бойынша;

Түркістан облысында 8-771-898-92-55 нөмірі бойынша;

Қызылорда облысында 8-708-440-94-58 нөмірі бойынша;

Батыс Қазақстан облысында 8-700-086-60-01 нөмірі бойынша;

Ақмола облысында 8-747-345-51-83 нөмірі бойынша;

Шығыс Қазақстан облысында 8-701-602-73-44 нөмірі бойынша;

Солтүстік Қазақстан облысында 8-707-363-64-08 нөмірі бойынша;

Қарағанды облысында 8-771-194-01-04 нөмірі бойынша;

Жамбыл облысында 8-708-455-71-61 нөмірі бойынша;

Павлодар облысында 8-707-612-97-76 нөмірі бойынша;

Қостанай облысында 8-747-467-02-09 нөмірі бойынша;

Атырау облысында 8- 775-324-89-41нөмірі бойынша;

Маңғыстау облысында 8-775-356-23-16 нөмірі бойынша;

Ақтөбе облысында 8-775-593-10-01 нөмірі бойынша;

Ақмола облысының Целиноград ауданында 8-701-596-72-44 нөмірі бойынша.

Сұрақтар https://tengrinews.kz/opinion/833/ сілтемесі бойынша 19 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.