Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік мерген жұптары таңдалып жатыр

268 реткөрсетілді

Атырау, Ақтөбе және Ақтау гарнизонының жауынгерлерінен құралған мерген жұптары Армиялық халықаралық ойындардағы «Мерген шебі» байқауында Қазақстанның намысын қорғау үшін бақ сынап жатыр.

Жауынгерлердің іріктелуі мен даярлығы ақпан айының соңына дейін жалғасады. Бұл аралықта үздік мергендердің әрқайсысына жеке рейтинг жасалып, сынақ тапсыруға тура келеді. Жеке сынақ кезінде мергендер «Мерген биатлоны» жаттығуын орындайды. Оның бойынша сынаққа оқ ату жүргізіледі және қорғаныс пен шабуылда мергеннің іс-қимылдары көрсетіледі.

Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар түнгі уақытта да атыс нормативтерін тапсырады. Жұп сынақта үздік мергендер әуе нысанасынан оқ атудан сайысқа түседі, объектіні іздестіру және жою бойынша жаттығуларды орындайды, көздеу нүктесін шығара отырып, арнайы ату мен атудың элементтерін паш етеді.

Драгунов снайперлік винтовкасымен қаруланған мергендер арнайы атыс жаттығуларын да орындайды, олардың ішінде 100 метр арақашықтықта орналасқан теннистік шармен пара-пар нысанаға атылатын «суық атысты» айтып кеткен жөн. Ол аздай, мергендер тұтқынды босату үшін 200 метр арақашықтықтан және 500 метрдегі кейде нысанасына барынша тигізуден машықтанады. Іріктеудің шешуші кезеңінде мергендерге ойығы бар қабырға, шұңқыр, сымды қоршаудағы айланшық сияқты бірнеше кедергілерді өтуге тура келеді. Атыс тапсырмаларынан бөлек, мергендер айналадағы табиғи заттарды пайдалана отырып бүркенуді, заманауи қашақтықты өлшегішті қолдануды, метеостанцияны, радиостанцияны, барлау және навигациялау комплекстерін қолдануды пысықтайды.

Анағұрлым жоғары нәтижелер көрсеткен әскери қызметшілер 2019 жылғы Армиялық халықаралық ойындарда Қарулы Күштер құрама командасы құрамында өнер көрсету үшін тартысқа түседі.

Былтырғы «Мергендер шебі» сайысы Беларусь Республикасының «Брестский» полигонының базасында өтті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі кіші сержант Артур Адилов қатысқан Қазақстан құрама командасы осы сайыста жарыс иелерін алдына салып екінші орынды иеленген болатын. Ал, биыл «Арми-2019» Халықаралық армиялық ойындары 3-17 тамыз аралағында 11 елдің аумағында өткізіледі деп жоспарланған. Армиялық ойындар бағдарламасы 31 сайыс түрінен өтеді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар