Білім • 15 Ақпан, 2019

80 мемлекеттік және 8 жеке меншік мектепке жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы министр Е. Сағадиев  Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында жасаған баяндамасында айтты.

80 мемлекеттік және 8 жеке меншік мектепке жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді

"Жан басына қаржыландыру жұмыстарымыз жалғасуда. Мысалы, былтырғы оқу жылынан бастап Астана қаласының 80 мемлекеттік және 8 жеке меншік мектебінде жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді. Енді биыл Алматы, Шымкент қосылып, жан басына қаржыландыруға көшетін мектептердің саны 500-ден асады. Басты әсер – оқу ұйымдарының дербестігін арттыру және мектептер арасында бәсекелестікті дамыту", деді Министр баяндамасында.