Тетік Президент Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ЕДБ-ға басым жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін 600 млрд теңгеден кем емес көлемде ұзақмерзімдік теңгелей өтімділікті қамтамасыз ету тапсырмасын іске асыру үшін қабылданған.
Осыған байланысты 2018 жылғы 19 қарашада № 820 «Қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін ұзақмерзімдік теңгелей өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы қабылданды.
Ұлттық банктің меншікті қаражатының және оның басқаруындағы қаражаттың есебінен 600 млрд теңге бөлінетін болады.
Қаражат мерзімділік, ақылы және қайтарымды шартымен жарғылық капиталы 60 млрд теңгеден кем емес банктердің облигацияларын сатып алу жолымен беріледі.
ЕДБ-ға берілген қаражат мынадай мақсаттардағы басым жобаларды қаржыландыруға бағытталады:
- АӨК-тегі қайта өңдеуге – 100 млрд теңгеге дейін;
- АӨК-тегі өндіріске – 100 млрд теңгеге дейін;
- өңдеуші өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтерге – 400 млрд теңгеге дейін.
Бұл ретте ШОБ субъектілері іске асыратын жобаларға 100 млрд теңгеден кем емес несие берілетін болады.
Кредиттерді банктер 15%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша ұсынады, оның 8%-ін кәсіпкер төлесе, айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.
Субсидиялау: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өңдеуші өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша операторы «Даму» КДҚ» АҚ болатын, БЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс жобалары бойынша субсидиялау әрекет етудегі тетіктер, яғни АӨК мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жобаларды іске асыру ЭҚЖК нақты бір түрі бойынша тіркелген тауарлар тобына сәйкес орындалатын болады.
Несиелеу ЭҚЖК нақты бір түрі бойынша тіркелген тауарлар тізбесіндегі бірден кем емес тауар шығару шартына сай жүзеге асырылады.
Тауар позициясын іріктеу кезінде жергілікті шикізат пен өндірістің болуы, сондай-ақ, импорттың азаюы есепке алынды.
Салалық мемлекеттік органдар және ұйымдармен, «Атамекен» ҰКП және «ҚИДИ» АҚ-мен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 36 тауар тобынан,
65 ЭҚЖК және 365 тауар позициясынан тұратын басым жобаларға несие беруге арналған тауарлардың тізбесі жасалды.