25 Сәуір, 2012

Облыс әкімінің гранттары тапсырылды

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің гранттары тапсырылды

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:32

Елімізде ұлтаралық татулық пен бірліктіынтымақтастық пен достықтынығайтуда Қазақстан  халқы Ассамблеясы атқарған жұмыс көпАл,өңірлерде мұндай игілікті істерге этномәдени  бірлестіктер ұйытқы болыпотырСондықтан да жергілікті билік олардың қоғамдағы рөліне айрықшамән беріп келеді.

 

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:32

Елімізде ұлтаралық татулық пен бірліктіынтымақтастық пен достықтынығайтуда Қазақстан  халқы Ассамблеясы атқарған жұмыс көпАл,өңірлерде мұндай игілікті істерге этномәдени  бірлестіктер ұйытқы болыпотырСондықтан да жергілікті билік олардың қоғамдағы рөліне айрықшамән беріп келеді.

Жақында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов этномә­де­ни бірлестіктер басшыларымен кездесіп, олардың қоғам­да­ғы тұрақтылықты қалып­тас­тырудағы жұмыстарына оң баға берді. Кездесуге облыс­тық басқармалар бастықтары, этномәдени бірлестікте, ақ­са­қалдар кеңесі, ғылыми-сарап­тама кеңесі басшылары мен өкілдері де қатысты. Облыс басшысы Қазақстан халқы Ас­самблеясы Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын, оның жұ­мы­сының басым бағыттары елімізді мекендеген жүзден астам ұлттардың бірлігін, ұл­таралық  бейбітшілік пен ке­лісімді сақтау, халықтардың тілін, салт-дәстүрін дамыту екенін жеткізді.

– Біздің өңірде тұрып жат­қан 90-нан астам этностың мүд­десін білдіретін 18 этно­мә­дени бірлестік жұмыс іс­тей­ді. Олардың жұмысы бел­сен­ді және алуан түрде жүр­гізілуде. Бірлестіктерде мәде­ниетін, тілін, салт-дәстүрін оқып, үйреніп қана қой­май­ды, өз ұлтының бірегей мәде­ни мұрасын басқаларға көр­се­туге, ортақ игілікке айнал­ды­руға тырысады. Сол арқылы ортақ үйімізде ынтымақ пен бірліктің болуына қызмет етуде, – деді Архимед Бегежан­ұлы.

Өңірде он жеті жылдан бері этномәдени бірлестік­тер­ге облыс әкімінің гранттарын беру дәстүрге айналып келеді. Бұл дәстүр биыл да лайықты жалғасын тапты.  Архимед Мұ­хамбетов облыстағы 18 этномәдени бірлестіктер басшыларын ортаға шақырып, оларға салтанатты жағдайда қаржылай гранттар мен дипломдар тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтөбе облысы хат­шы­лығының қызметкері Зәм­зә­гүл Бимағамбетова мен  «Эллада» грек этномәдени бір­лестігінің жетекшісі Иван Липириди Қазақстан халы Ассамблеясының Алғыс хатымен, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Иван Маглели облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Кездесуде сөз алған Иван Липириди, «Достық» үйі жа­нындағы ақсақалдар кеңе­сі­нің төрағасы Нұрхайыр Телеуов  біздің еліміздегі ең басты байлық ұлтаралық достықтан тамыр тартатынын, сондық­тан татулық пен бірлікті сақ­тау әрбір қазақстандықтың мін­деті әрі парызы екенін тілге тиек етті. Осы бағытта этномәдени бірлестіктер жұ­мы­сын қолдап отырған облыс басшысылығына ризашылық­та­рын білдірді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар