Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

196 реткөрсетілді

«Кеңес Одағы тұсында бір Шымкенттің өзінде қаншама зауыт, фабрикалар бар еді. Олар мыңдаған тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етті. Тіпті, қаланың өзін қоспағанда көршілес Сайрам, төлеби аудандарының халқы Шымқалаға ағылып келіп нәпақасын табатын. Кейіннен сол нысандар қаңырап бос қалды. Өзіңіз бас болып, қаладағы ірі зауыттардың қатарын көбейтсеңіз. Екі қолға бір күрек іздегендер сонда жұмыспен қамтылатын еді», дейді қала әкімінің есепті кездесуіне келген тұрғындар.

Жұртшылықтың талап-тілегін баппен тыңдаған шаһар басшысы былтыр қалада бірқатар ірі нысандар қайта жаңғыртудан өткендігін айтты. Оның ішінде шаһар экономикасы үшін маңызды 2 ірі жоба бар екен.

Алғашқысы ретінде Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өтіп, оған 580 млрд теңге инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде жоғары октанды жанармай өндірісі жылына 881,7 мыңнан 2 271 мың тоннаға дейін, дизельді отын өндіру 1 209,4 мыңнан 1 916 мың тоннаға дейін, авиациялық отын көлемі 279,7 мыңнан 400 мың тоннаға дейін артпақ. Әрине, бұл кәсіпорында да жергілікті тұрғындар еңбек етуде.

Ал, екінші жоба ретінде былтыр «Shymkent Temir» болат өндіру зауыты қайта іске қосылды. Жобаның құны – 5,9 млрд теңгені құрап, онда 440 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Шымкент қаласында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бюджетке түскен кіріс 2017 жылмен салыстырғанда 27 пайызға немесе 15,3 млрд теңгеге артып, 72,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылы бюджеттің кіріс көлемін 11,6 пайызға жоғарылатып, 92,4 млрд теңгені құрайды деп жоспарлап отырмыз»,  дейді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Сөз соңында шаһар басшысы алдағы уақытта шетелдік ірі инвесторлармен келіссөз жүргізіп, ауқымды кәсіпорындар мен зауыттар салуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»

Шымкент

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар