03 Мамыр, 2012

Ота атаулыны өзіміз жасаймыз – дейді облыстық кардиохирургия орталығының тәжірибелі дәрігерлері

287 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ота атаулыны өзіміз жасаймыз – дейді облыстық кардиохирургия орталығының тәжірибелі дәрігерлері

Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:42

Облыстық кардиологиялық ор­талыққа ат басын арнайы тіреуі­мізге Петропавл қаласында тұра­тын зейнеткер Қази Дәулетбаев қозғау салды. Ол бізбен хабарласып, Елбасымыз бен осында еңбек ететін ақ желеңді абзал жандарға алғысын жаудырып бақты. «Саналы ғұмы­рымды сот саласына ар­наған жанмын, қарағым! Сексен­нің сеңгіріне келсем де көзім ашық, көкірегім ояу. Ел жаңа­лық­тарын әркез қада­ғалап, ой елегінен өткізіп отырамын.

Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:42

Облыстық кардиологиялық ор­талыққа ат басын арнайы тіреуі­мізге Петропавл қаласында тұра­тын зейнеткер Қази Дәулетбаев қозғау салды. Ол бізбен хабарласып, Елбасымыз бен осында еңбек ететін ақ желеңді абзал жандарға алғысын жаудырып бақты. «Саналы ғұмы­рымды сот саласына ар­наған жанмын, қарағым! Сексен­нің сеңгіріне келсем де көзім ашық, көкірегім ояу. Ел жаңа­лық­тарын әркез қада­ғалап, ой елегінен өткізіп отырамын. Президенттің қай Жолдауын алсақ та, дені сау ұлт – жал­пы­ұлт­тық міндет ретінде қойылып, медицина саласын да­мытуға байланысты қадау-қадау шаруалар атқарылып келеді. Ден­саулық сақтаудың біре­гей ұлттық жүйесі қабылданып, енді, міне, қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 72-ге дейін жеткізу міндеті қойылып отыр. Жүрек-қан тамырлары, обыр, туберкулез си­яқ­ты аса қатерлі ауруларды жер­гілікті жерлерде емдей алатын күнге де жеттік. Өңіміз түгілі түсі­мізге енбейтін ғажайып өзгеріс­тер­ге куә болып отырғаныма шүкір­шілік деймін». Қарияның бұлайша шаттана, шалқи сөйлеуінің сыры жоқ емес екен. Былтыр жүрегі сыр беріп, операция үстеліне жатуына тура келген. Жанашырлар тарапынан Ресейде, Астанада емделу жө­нінде әрқилы ұсыныстар айтылға­нымен, Қазекең аталмыш емхана­ның дәрігерлеріне сенім артқан. Ота ойдағыдай жасалып, жасының ұлғайғанына қарамастан аз күнде сауығып шыққан. Анда-мында сабылып, шығынданбаған. Мұндай ризашылық сөздер аз айтылмайды.

Осыдан бес жыл бұрын Үкі­меттің қаулысымен №2 аурухана жанынан 20 төсектік кардиохирургия және 6 төсектік жансақтау бө­лім­шелері ашылып, материалдық-техникалық базаны нығайту, бі­лікті мамандар дайындау бағытта­рында жан-жақты ұйымдастыру жұмыс­тары үлкен қарқынмен жүр­ді. Мемлекет басшысының тікелей қолда­уы­мен қолға алынған республика тұр­ғындарына кардиоло­гия­л­ық және кардиохирургиялық қыз­метті дамыту бағдарламасы тың іске одан әрі серпін беріп, бөлімше дербес кар­диохирургиялық орта­лыққа айналдырылды. Оның жаб­дықталуы­на, озық медициналық құрал жаб­дықтар мен диагнос­ти­ка­лық кешендер орнатылуына жар­ты миллиардтай теңге жұм­сал­ды. Дәрігерлер Ресей, Литва елдерінде кәсіби бі­лік­тіліктерін, ше­б­ерліктерін жетілдіріп қайтты.

– Қызылжар өңірінде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекет­тік бағ­дарламасы ойдағыдай орындалып ке­ле­ді. Туберкулезбен сыр­қат­­тану­­шы­лар саны 1,5 есе, сәби­лер­дің ше­ті­неуі 21 пайызға азайды. Онко­логиялық және онкоге­ма­то­ло­гия­лық аурулар­дың қазіргі заманғы химия­лық терапия стандарттарын енгізу шараларын ойластырудамыз. Бұған дейін жүрек-қан тамырлары кеселі алдыңғы орында келсе, енді сыр­қаттар мен өлімді 25 пайызға азайту мүмкін­дігі туды. Бұған орта­лықтың ти­гізіп отырған ық­палы зор, – деді әңгімелес­кені­міз­де об­лыс­тық ден­саулық сақтау бас­қармасының бас­тығы Анатолий Ко.

Оның ашылуына Денсаулық сақ­тау министрлігінің өкілдері, Ас­та­надағы ұлттық ғылыми-меди­ци­н­а­лық орталықтың дәрігер-ғал­ым­дары қатысып ақыл-кеңестер берді.

Бұл орайда Елбасы Н. Назар­баевтың тікелей қолдауымен қолға алынған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы ұлт денсаулығын ны­ғайтуға бағытталған. Осынау маңы­зы зор мемлекеттік іс-шара аясында Қызылжар өңірінде де медицина­лық қызметтің сапасы жақсарып келеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,.