Жақсы күнді отбасы болып қарсы аламыз!
Жұма, 4 мамыр 2012 8:25
Қазақстанның Азаматтық альянсы «Отбасылық академия» отбасылық тәрбиені насихаттау орталығымен бірлесіп, «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында «Көктемді бірге қарсы аламыз!» атты іс-шара өткізді.
Алматы қаласының Медеу ауданы тұрғындарынан құралған отбасылық командалар бұл мерекелік шарада өзара түрлі спорттық ойындар, қызықты викториналар мен конкурстарға қатысып, мектеп жасына дейінгі және оқушы жасөспірімдердің дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Мерекенің мәнісі – өмірдің бастауындай болып бүкіл табиғатқа жылылық лебін, жастықтың шуағын себе келетін көктемді көпшілік аса қуанышпен, барша адамзатқа татулық пен бірліктің, береке мен сыйластықтың нұрын дарытатын керемет кезеңнің басы екендігін насихаттау. Ұйымдастырушылар өз отбасыңнан бастап, барлық адам баласына жақсылық тілеу және бейбіт өмірде жақсылықтар жасауға жас ұрпақты тәрбиелеу ниетімен мерекелік көңіл-күйде осындай шараны ұйымдастыруды қолға алып отыр.
Осындай отбасылық мерекелер, қоғамдық шаралар біздің дәстүрімізге айналуы тиіс. Бұл біздің шаңырағымыздың ауызбіршілігін арттырумен қатар, жастарымыздың патриоттық рухта тәрбие алуына, алдыңғы ұрпақ өкілдерінің жақсы қасиеттерін бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал етеді. Дені сау, көңілі көркем жас отбасы мүшелері ұлтаралық келісім мен қоғамдық ұйысудың не екенін біліп, өз балаларын да жақсы істерге шақырып, болашақ ұрпағының биіктерден көріну бақытына ие болады.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «біздің болашағымыз – адам капиталының сапалы өсімінде» деп айтқанындай, біздің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған күш-қайратымыз күні ертең еліміздің тізгінін нық ұстайтын сапалы ұрпақтың игіліктерімен толығады. Сондықтан да аталмыш шараның ұйымдастырушылары мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жас ұрпақ тәрбиесі мен қамқорлығын арттырып қана қоймай, білім саласына жаңа технологиялар мен заманауи тәлім беру үлгілерін де сауатты енгізе білуіміз керек деп есептейді.
«Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында өткізіліп жатқан игі шаралар қазақстандық қоғамды саламатты өмірге, жарқын болашаққа деген сенімділікке бастап отырғаны аян. Еліміздің әр шалғайында осы ұранмен көптеген істер атқарылып, тың идеялар, соны шаралар қолданысқа енгізілуде. Жастарымызды қоғамдық істе ғана емес, былайғы өмірде де бірлесуге үйретіп, егемен елдің ертеңіне деген сенімділіктерін арттырды. Ел игілігіне жарайтын игі идеяны жақсы дәстүрге айналдыру баршамыздың міндетіміз деп қабылдау керек.
Қанат ЕСКЕНДІР,
Алматы.