
Қазақстаннан бір циклон кетпей тұрып, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан атмосфералық фронттары арқылы республиканың көптеген облыстарында алдағы 3 тәуліктегі ауа-райын анықтайтын келесі циклон асығуда. Сондықтан Қазақстанның басым бөліктерінде қар, боран, екпінді күшті жел, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста сулы қар, кей жерлерде қатты, тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары сақталады.