Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Астанада 3000-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шара көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астанада 3000-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды

Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Астана қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 14-16 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу іс-шарасын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері масаң күйінде көлік құралдарын басқарумен, қарама-қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелерімен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі. Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық ЖЖЕ бұзу фактісі анықталды.

Оның ішінде 1800-ден астамы көлiк құралы жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы бойынша, 90-ға жуығы қауіпсіздік белдіктерін тақпауы бойынша, 60-қа жуығы көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостансаны пайдалануы бойынша, 200-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 10-ға жуығы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде жүргізуі бойынша және т.б.