Іс-шараға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет ТҰРЫСОВ, Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет БЕКМАНОВ және Басқарманың ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директоры Ғани НӘДІРХАНОВ қатысты.
2018 жылы «ҰАТ» АҚ-мен сүйемелденетін ақпараттық жүйелердің қолжетімділігінің индексі 99,95%-ды құрады (жоспар бойынша 99%).
«ҰАТ» АҚ-ның халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің ең басты бағыты болып табылатын eGOV.kz порталын соңғы 10 жылда пайдаланушылардың саны 800 есеге жуықтады. Яғни 2009 жылы 10960 пайдаланушы болса, бүгінгі күні олардың жалпы саны 8,6 миллионнан асты.
2018 жылы портал арқылы аударылған транзакциялар сомасы 18,5 млрд.теңгеден астам соманы құрады.
eGOV.kz порталы арқылы қолданыстағы 235 қызмет пен сервис бойынша 27,5 млн.-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, ал Телеграмм-бот арқылы 24 электрондық қызмет бойынша 141 мың адамнан 160 мың сұрау келіп түсті. Жыл қорытындысы бойынша Телеграмм мессенджерінде азаматтар тарапынан ең көп қолданылған қызмет - Мекенжай анықтамасы, бұл қызмет бойынша 60 мыңнан астам рет анықтама сұратылса, ал Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама шамамен 20 мың рет сұралған.
eGOV.kz порталының 5 қызметі Касса 24 терминалдарында тәжірибелік пайдалануға берілді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында виртуалды кеңес беру бағдарламасы (чат-бот) енгізілуде. Қазіргі уақытта чат-бот тестілік режимде 1414.kz форумында, eGOV.kz порталында, Telegram және Facebook мессенджерлерінде іске қосылды. Басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың мәлімдеуінше, виртуалды кеңес беру бағдарламасы көрсетілетін 33 мемлекеттік қызмет бойынша 299 сұраққа жауап бере алады. Сонымен қатар «Mgov» қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік сәйкестігі бойынша аттестаттаудан сәтті өтіп, бүгінгі күні азаматтарға қосымша арқылы 90-ға жуық қызмет, ал @EgovKzBot телеграмы арқылы 24 қызмет қолжетімді. Өткен жылы «mGov» қосымшасы 1,3 млн. рет жүктеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 58%-ға немесе 2 еседен астам көрсеткішке артты. Ал қосымша арқылы 3,6 млн.-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, 2019 жылы Киберқауіпсіздік оқиғаларына қарсы әрекет ету жөніндегі Security Operation Center құрылады.
2018 жылы қауіпсіздік жүйесінде 142 930 274 шабуыл тіркеліп, бұғатталды. Жалпы SOC-тың негізгі артықшылығы - ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы деректерге тұрақты мониторинг және талдау жүргізу арқылы оларды анықтау процесін жақсарту.
Әсет Тұрысовтың айтуынша, 2019 жылы «Smart Bridge» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. «Smart Bridge» жобасы - бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектор арасындағы ақпараттық жүйелерді оңтайландырудың жеңілдетілген процесі, сондай-ақ back платформа базасында Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жүйелік-техникалық сүйемелдеу.
2018 жылғы ең танымал 10 қызмет ТОПТАМАСЫ
№ Қызмет атауы Саны
Мекенжай анықтамасы 14 032 798
Дәрігердің қабылдауына жазылу 2 877 713
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар 2 515 714
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы анықтама 2 311 798
Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама 1 822 669
БЖЗҚ салымшысы қаражатының қозғалысы туралы ақпарат 1 501 726
Заңды тұлғаларды тіркеу 933 041
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама 799 945
ЗТ-ның тіркеудің барлық әрекеттері туралы анықтама 371 476
Жеке тұлғаның Заңды тұлғаға қатысуы туралы анықтама 293 396