Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

2018 жылы 7 отбасылық сүт фермасы құрылған

957 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың 11 айында қазақстандық компаниялар сүт пен кілегейге деген сұранысты 96,2%-ға қамтамасыз етті. Бұл туралы Energy Prom хабарлады.

2018 жылы 7 отбасылық сүт фермасы құрылған

«Фуд Мастер» Қазақстан нарығында 1995 жылдан бастап сүт өнімдерін шығарады. Компания үш зауытымен танылған. Сондай-ақ 16 сауда филиалы және 2 жеке сүт шығаратын фермасы бар. Компанияның мәліметтеріне сәйкес, ол отандық өндірушілер арасында басым үлес алады. «President» айран, қаймақ және сүзбесін, «Дольче» йогуртын, т.б. өнімдер шығарады. 2004 жылдан бері «ФудМастер»  ЖШС халықаралық Lactalis (Франция) тобының құрамында.

Сүт пен кілегей экспорты бір жылда 47,6%-ға, ірімшік-сүзбе өнімдерінің экспорты 4,2%-ға өсті. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы Орта Азия елдеріне, сондай-ақ Ресей Федерациясының көптеген ірі сауда желілеріне де өнімдерін тасымалдайды.

Алматы облысында сүт өнімдерін өндіру мен мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін 2018 жылы 7 отбасылық сүт фермасы құрылды. Олар облыс бойынша сүттің 20%-ын өндіреді. 2021 жылға қарай отбасылық сүт фермаларын құру есебінен сүт зауыттарын сапалы сүтпен толық қамтамасыз ету жоспарлануда.

2019 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша еліміздің дүкендерінде сүт өнімдерінің бағасы бір жылда: шикі сүтке 6,8%-ға (литріне 212,6 тг), пастерленген сүтке 6,5%-ға (ҚР бойынша орташа литріне 229 тг), қаймаққа 6,9%-ға (килограмына 1055,5 тг), айран 5%-ға (литріне 285,2 тг), сүзбе 6,4%-ға (қаңтар айының қорытындысы бойынша килограмм үшін 1596,4 тг) дейін өскен.