15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда қазақстандық шаңғышы көш басындағы ресейлік Александр Большуновтан 1:00.8 минутқа қалып қойды.
Күміс жүлдені финляндиялық Иво Нисканен иеленсе, қола жүлде тағы бір ресейлік спортшы Александр Бессмертныхқа бұйырды.
Алексей Полторанин 19 ақпан күні Австрияның Зеефельд қаласында басталатын әлем чемпионатына дайындық үстінде. Бұл қазақстандық шаңғышының маусымдаңы ең басты бәсекесі болмақ.
Әлем чемпионатына Қазақстан командасы сапынан 12 спортшы қатысады.