Оқиға 16 ақпан күні орын алған. Абай ауданы Құрсай мөлтек ауданындағы өрт шыққаны туралы хабарлама 16.39-да келіп түскен. Өрт сөндіру қызметінің 14 адамнан құралған тобы Жаңақұрылыс көшесіндегі уақытша салынған үйдегі (времянка) 60 шаршы метрді шарпыған өртті 2 сағатта сөндірген.
Мамандар анықтаған құтқарушы баланың аты-жөні – Бақытжан Құдайқұлұлы. Көрші баланың ержүректігі мен батылдығы екі бүлдіршіннің өмірін құтқаруға жәрдемдесті. «Балалардың қорыққаны болмаса, қазір жағдайы қанағаттанарлық. Өрт болған кезде үйде ата-анасы болған жоқ. Мамандар өрттің себебін анықтауда», дейді департамент өкілі Мадияр Елеусізұлы.
Қазір департамент атынан Бақытжанның барлық құжаттары ведомстволық наградаға жіберіліп жатыр.
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»