«Ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстанның жеке тұлғаларының шетелге аударған қаржыларының көлемі 380,1 миллиард теңгеге жеткен» делінген хабарламада.
Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,5 пайыз жоғары. Өткен жылы 2016-мен салыстырғанда 25,2 пайызға өскен болатын. 2018 жылдың 8 айында жүргізілген транзакциялардың саны 1,8 миллион, бұл өткен жылдан 9,3 пайыз жоғары.
Аударымдардың басым бөлігі Ресейге жөнелтілген. Аударылған сома – 147,8 миллиард теңге. Бір жылдағы өсім – 27,2 пайыз.
Халықаралық қарды аударылымы жүйесі арқылы 2018 жылдың өзінде Қазақстаннан Ресейге 233,2 миллиард теңге аударылды.
Қаржының есепсіз сыртқа кетіп жатқаны рас. Қазір Қазақстан басқа елдер үшін майшелпек және банан елге айналып отырғаны өтірік емес. Елімізде бала-шағасын асырап, нәпақасын тауып жүрген гастарбайтерлер де, ел шикізатынан орасан зор тауып жатқан инвесторлар да өте көп.
Қазақстаннан аударылған ақша өзге елдің салық қазынасын толтырып жатыр. Сонымен...
Халықаралық қаржы аударылымы жүйесі арқылы 2018 жылдың өзінде Ресейге кеткен ақшаны жоғарыда айттық.
Одан кейінгі орында –Өзбекстан. Негізінен олардың басым бөлігі өзбек гастарбайтерлері болуы да мүмкін. Өткен жылы өзбектер өз еліне 111 миллиард теңге аударған көрінеді. Бұл орайда түріктер де қалыс қалып отырған жоқ.
2018 жылы Халықаралық қаржы аударылымы жүйесі арқылы Қазақстаннан Түркияға 70,2 миллиард теңге қаржы жіберілген.
Атап өтетін бір жайт, ең аз ақша Армения мен Беларуське жіберілген.
Ақша аударым жүйесінде шетелге кеткен ірі транзакциялар «Золотой корона» жүйесі арқылы жасалған. Бұл жүйемен 241,2 млрд теңге жіберілген. Екінші кезекте «Western Union» тұр. Ол арқылы аударылған қаржы көлемі – 55,6 млрд теңге, өсім бір жылда 13,5 пайызға жеткен. Үшінші орында «Юнистрим» жүйесі тұр. Аударылған қаржы көлемі – 31,2 млрд теңге.
– Шетелде жұмыс істеп жатқан қазақ мигранттарының елге қанша ақша аударатыны және оның ІЖӨ-ге әсері туралы ақпарат әлі бір жүйеге түскен жоқ. Бұрын біз оған мән бермедік. Қазіргі жағдай басқа. Сыртқы факторлардың күшеюі байқалады. Басты сауда әріптесіміз Ресейдегі жылдық инфляцияның 4 пайыздан асып кеткені белгілі. Ол жақтан келетін импорттың көлемін ескерсек, биыл біз үшін де инфляцияның күшею қаупі жоғары – дейді Ерлан Ибрагим.
Қанша ақша сырттан келді?

Гүлбаршын САБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»
Алматы