Спорт • 18 Ақпан, 2019

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Нью-Делидегі әлем кубогіне аттанды

205 реткөрсетілді

20-28 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун кубоктік додаға қатысатын спортшылар есімін атады деп жазады Olympic.kz. 

Нью-Делидегі әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы: 

1. Юрий Юрков

2. Владимир Исаченко

3. Зәуреш Байбосынова

4. Елизавета Король

5. Юлия Комендра

6. Алексей Клейменов

Әлем кубогі кезеңіне 60 мемлекеттен жалпы есебі 500-ге жуық спортшы қатысады. Біздің команда Үндістандағы дайындықты бастап кетті. 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар