Бала туғаннан кейін ол жәрдемақыны тағайындауға өтініші білдіре алады. Бала туғанда берілетін бірретік мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен бөлінеді, оның көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан көп балаға –159 075 теңге.
2018 жылы осындай жәрдемақыны 395 мың адам алған. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38%-ға өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша берілетін төлемақы 40% көлемінде соңғы екі жылдағы орташа табысына қарай тағайындалады. Бұл төлемнің орташа көлемі 2018 жылы айына 32 361 теңгені құраған.
2018 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 400 мың ата-ана 165 млдр теңге көлемінде ана мен бала әлеуметтік төлемақысын алған. Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге 1 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезінде мемлекетпен міндетті зейнетақы жарнасы субсидияланады. 2019 жылы субсидияландыруға 5,8 млрд теңге бөлінген.