Аймақтар • 18 Ақпан, 2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасылық сот» қанатқақты жобасын іске асыру шеңберінде жасөспірімдер ісі жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотта «отбасы бөлмесі» ашылды.

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

Бұл сот ғимаратына келген ата-аналар мен балалар үшін «қысымы» жоқ жайлы жағдай қалыптастыру үшін жасалып отыр. Жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-психологиялық зерттеу жұмыстары осы бөлмеде жүргізілетін болады. Сонымен қатар сот мәжілісіне қатысатын балалар шақырылғанша осы бөлмеде күтеді.

Бөлмеде балаларға кітап оқуға, ойнауға, сурет салуға мүмкіндік бар. Олар сырттағы соттың ауыр әсерін сезінбейді. Сонымен қатар бөлмеде ата-мен балалардың өзара қарым-қантынасы да бақыланатын болады. «Отбасы бөлмесінде» психологтар ата ата мен балаларға түрлі тренингтер жүргізеді, отбасылар психологиялық және құқықтық көмек-кеңестер де ала алады.

«Біздің ұжым осы бөлмені ашуды көптен күтті. Ол сотқа тартылған балалар мен ата-аналарға көп көмек етеді» деді сот төрайымы Қарлығаш Жармұхаметова.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай