Аймақ кәсіпкерлері негізінен құрылыс, өндіріс және ауылдарды жарықтандыру бағытында бірлесіп жұмыс жасауға ниетті. Мәселен, биыл көшені жарықтандыру бойынша 5 жобаны іске асыру жоспарланған.
- Облыста «Жетісу Жарығы» серіктестігі тарапынан «Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен Іле, Ескелді аудандарында сыртқы жарықтандыру желілерін кеңейту мен пайдалану» атты жоба ұсынылған болатын. Оның мақсаты – көше шамдарын жаңғырту және электр қуаты бағасының төмендеуі есебінен көшені жарықтандыруға жұмсалатын шығындарды азайту. Бұл жобаның алдын ала есептелген құны 16,9 млрд теңге шамасында. Қазіргі таңда жоба алдын ала келісімге қол қою деңгейінде, -дейді «Атамекен» ұллтық кәсіпкерлер палатасы Алматы облыстық филиалының директоры Нариман Әбілшайықов.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы