Мүмкіндіктерді мүлт жібермейік
Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:34
Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында жасаған баяндамасында ел дамуының маңызды мәселелерін ортаға салып, әлеуметтік жаңғыртудың бірқатар қадамдарын белгілеп берді. Солардың ішінде тұрғын үй-коммуналдық сектор саласына да тоқталып, «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасы өңірден бастап ауылға дейін қамтып отырғанын, биыл 16 миллиард теңге бөлінгенін, 2020 жылға дейін жас отбасылар үшін 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысы қарастырылатынын атап көрсетті.
Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:34
Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында жасаған баяндамасында ел дамуының маңызды мәселелерін ортаға салып, әлеуметтік жаңғыртудың бірқатар қадамдарын белгілеп берді. Солардың ішінде тұрғын үй-коммуналдық сектор саласына да тоқталып, «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасы өңірден бастап ауылға дейін қамтып отырғанын, биыл 16 миллиард теңге бөлінгенін, 2020 жылға дейін жас отбасылар үшін 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысы қарастырылатынын атап көрсетті. Бұл тұрғыдан алғанда, мемлекет және Үкімет тарапынан көп жұмыстар атқарылып, алдағы он жылға арналған бағдарламаның бірнеше бағытта іске асыру тетіктері жан-жақты қарастырылғанын атай кеткен жөн.
Бүгінде облыс орталығында 1 мыңнан астам көп қабатты үйлер болса, солардың үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Кім жайлы пәтерлерде тұруды қолайлы көрмейді дейсің? Ал тұрғындардың көп қабатты тұрғын үй қоры мен коммуналдық желілерді, түрлі инфрақұрылымдарды жөндеп, қалпына келтіруге қаржылық шамалары жете бермейтіні жасырын емес. Соның салдарынан үнемдеу технологиялары толық сақтала бермейді. Жылу, жарық, су ысырапшылдығы орын алғандықтан, коммуналдық берешектердің жинақталып қалуы секілді қолбайлаулар мен проблемалар туындайды. Бұдан былай аталмыш жобаларды қолдауға республикалық бюджет тарапынан қомақты көмек көрсетіліп, пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың зор қызығушылығын тудырып отырғанын атай кету орынды.
Енді өміршең бағдарламаның түпкі нәтижелері адамдардың тікелей өздеріне байланысты. Олай дейтінім, ПИК жетекшілері мен кондоминиум өкілдері бірауыздылық танытып, жұмыла атсалысса, істі кең ауқымда өрістетуге болады. Өткен жылы бағдарлама аясында республикалық қазынадан 400 миллиондай теңге бөлініп, Петропавл қаласында 36 көп қабатты үйлер жөндеуден өтті. Атап айтқанда, шатырлар, жертөлелер, лифтілер, жарық, жылу жүйелері қалпына келтірілді. Биыл бұл мақсат үшін 800 миллион теңге қарастырылған. Демек, жыл өткен сайын пәтер иелерінің жасалып жатқан қамқорлық жайлы ақпараты мен таным-түсінігі молайып, тікелей қатысушы ретіндегі рөлі артып келеді деген сөз.
Республикада ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын алғашқылардың қатарында қолдаған солтүстікқазақстандықтардан 426 меншік иесі 37 миллион теңгенің атаулы көмегін алды. Бұдан тысқары, аз қамтылған азаматтар жалпы шығынның 10 пайызын ғана өтейді. Үстіміздегі жылы күнкөрісі төмен отбасыларға 62 миллион теңгенің тұрғын үй көмегін көрсету белгіленген. Көп қабатты үйлерді жылыту маусымына әзірлеу, есептегіш құралдарын орнату мәселелерінде де шешімін табатын жәйттер жоқ емес. Жылу қуатына төлемді есеп құралы арқылы өтеу әлдеқайда тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр. ПИК қызметтері де ұйымдастыру жұмыстарын жақсартуды қажет етеді. Меніңше, үкімет тарапынан жасалып жатқан қолайлы мүмкіндіктерді қалт жібермесек, жақсы бастаманың жерде қалмасы анық.
Сергей ХУДЯКОВ,
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.
Солтүстік Қазақстан облысы.