17 Мамыр, 2012

«Достық керуені»: Астанада кездескенше!..

299 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Достық керуені»: Астанада кездескенше!..

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:53

Өңірімізге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчук, жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лері: Лео Шин, Еркінбек Аязбаев бастаған «Дос­тық керуені» тобының мүшелері келіп, облыс орталығындағы «Достық үйінде» кездесу өткізді. Екі облыс өкілдері қатысқан бұл жиынға облыс әкімінің орынбасары Арын Өрсариев, облыстық мәслихаттың хатшысы Манап Көбенов, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

 

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:53

Өңірімізге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Григорий Пинчук, жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лері: Лео Шин, Еркінбек Аязбаев бастаған «Дос­тық керуені» тобының мүшелері келіп, облыс орталығындағы «Достық үйінде» кездесу өткізді. Екі облыс өкілдері қатысқан бұл жиынға облыс әкімінің орынбасары Арын Өрсариев, облыстық мәслихаттың хатшысы Манап Көбенов, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Қонақтардың айтуынша, жалпы еліміз бой­­ынша облыстар арасында алғаш рет «Дос­тық үйі» Шығыс Қазақстанда, Өскемен қа­ла­сында ашылыпты. Биыл оның құрылғанына 20 жыл толған. «Біздің еліміздегі ынтымақ пен бірлік, тұрақтылық – ортақ мүддеміз. Тұтас­тық­қа сызат түсірмей сақтау үшін барша­мыз­дың мақсатымыз бір жерден шығуы керек», дейді «Достық керуенінің» мүшелері.

Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 9 достық үйі мен 82 этномәдени бірлестік өз жұмысын жүргізуде. Ұлтаралық тұрақтылық пен келісімді сақтау жолында айтулы шаралар жүзеге асырылып келе жатқан өңірден келген делегация сапарының мақсаты – басқа өңір­лердегі орталықтармен тәжірибе алмасу, араласып, барыс-келіс жасап тұру.

– Біздің өңірде де шығысқазақстандықтар сияқты тұрақтылық пен ынтымақты нығайта түсу мақсатында бірқатар игілікті істер ат­қа­рылып жатыр. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында алға қой­ған міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асы­ру­да бірлескеніміз абзал. Осы орайда, бүгінгі екі өңірдің өкілдері ынтымақтасып, жүздесіп оты­руы айтулы шара болып табылады, – деді об­лыс басшысының орынбасары Арын Өрсариев.

Павлодар облысында да еліміз бойынша тұңғыш рет ұлттық жаңғыру мектебі құрылып, онда бүгінде жүздеген әртүрлі ұлт өкілдері – шәкірттер оқып білім алуда. Отырыс бары­сын­да екіжақты тәжірибе алмасып, ынтымақ­таса жұмыс жүргізудің маңыздылығы сөз болды. «Достық керуенінің» ары қарай жал­ға­сатындығы да айтылды. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшысы Еркінбек Аязбаев:

– Біз бүгін «Достық керуенінің» эстафе­та­сын павлодарлықтарға табыстап отырмыз. Ендігі кезекте сіздер келесі өңірлерге осынау тұтастықтың туын желбіретіп жеткізулеріңіз қажет. Бір үйдің балаларындай берекелі, мерекелі күн кешуіміз үшін осындай шаралар қа­жет. Жылы шыраймен қарсы алғандарыңызға ризамыз, – деді.

Шығыс Қазақстан облысының ҚХА өкілдері «Достықтың жол картасы» акциясын өткізу, сондай-ақ ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру, өңірлердің этномәдени бірлестіктерімен байланыс орнату, шығар­ма­шылық ұжымдары мен халық өнерінің шеберлерін таныту жайлы әңгімелеп берді.Сонымен қатар, «Достықтың жол картасы» бағдар­ла­ма­сы аясында дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаты, шығармашылық және қолданбалы өнер көрмесі, гала-концерттер ұйымдасты­ры­латын болады.

Біздің облысқа дейінгі жолды шығыс­қа­зақ­стандықтардың «Достық керуені» облыстағы 9 «Достық үйінің» ең жасы болып саналатын Дегелең даласында орналасқан Курчатов қаласындағы «Достық үйінде» 24 сәуірде бас­таған екен. Керуен Астана қаласының туған күнінде еліміздің барлық этномәдени ұйым­дары өкілдерінің бас қосуымен аяқталады», деді Өскемендегі «Достық үйінің» директоры Эльдар Төлеубеков.

Кездесу соңы Естай ақын атындағы қа­лалық мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облыстық «Достық үйі» өнерпаздарының концертіне ұласты. Көрші өңірдің тыныс-тіршілігін көрсететін көшпелі көрме ашылды. Ендігі «Достық керуен» жолын павлодар­лық­тар Қарағандыға жеткізеді.

Фарида БЫҚАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Павлодар.