Жүлдегер пойыз Оңтүстік өңірде
Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:38
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы жобасымен жасақталған «Денсаулық» пойызы өткен айда Оңтүстік өңірдің шалғай станцияларына сапарға шыққан болатын. Атап айтқанда, сәуірдің 17-сінен бастап Жамбыл облысының Таты станциясынан жұмысын жалғастырған пойыз Малдыбай, Ақыртөбе, Үшбұлақ, Жуантөбе станцияларында болып, халықтың қолы жете бермейтін дәрігерлік тегін қызмет түрлерімен алыс жол айырықтарының теміржолшылары мен тұрғындарын қамтыды. Іле-шала «Денсаулық» пойызын Қазыбек бек станциясында Алматы жол бөлімшесінің басшылығы,
Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:38
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы жобасымен жасақталған «Денсаулық» пойызы өткен айда Оңтүстік өңірдің шалғай станцияларына сапарға шыққан болатын. Атап айтқанда, сәуірдің 17-сінен бастап Жамбыл облысының Таты станциясынан жұмысын жалғастырған пойыз Малдыбай, Ақыртөбе, Үшбұлақ, Жуантөбе станцияларында болып, халықтың қолы жете бермейтін дәрігерлік тегін қызмет түрлерімен алыс жол айырықтарының теміржолшылары мен тұрғындарын қамтыды. Іле-шала «Денсаулық» пойызын Қазыбек бек станциясында Алматы жол бөлімшесінің басшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері қарсы алды. Пойыздың медициналық ұжымы 18 дәрігерден жасақталған. Барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда шағын хирургиялық ота жасауға да мүмкіншілік бар. «Денсаулық» пойызы мамырдың соңына дейін Алматы облысының алыс станциялары мен жол айырықтарында тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.
Айта кету керек, бұл пойыз «Қазақстанның жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінің үздік әлеуметтік жобасы атанған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» республикалық байқауының қоғамдық сыйлығына ие болған.
«Егемен-ақпарат».