08 Маусым, 2012

Лебіздер

485 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Лебіздер

Жұма, 8 маусым 2012 7:38

МАҢЫЗЫ ЗОР ШАРА

Сара МУРАДОВА,

Әзербайжан Респуб­ликасы Мәдениет және туризм министрінің кеңесшісі:

 

Жұма, 8 маусым 2012 7:38

МАҢЫЗЫ ЗОР ШАРА

Сара МУРАДОВА,

Әзербайжан Респуб­ликасы Мәдениет және туризм министрінің кеңесшісі:

– Біздің ел­дің Қазақ­стан­­дағы мәдениет күн­де­рі­нің өтуі – бауырлас, туыстас екі елдің өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі деп ойлаймын.

Біздің жұмыс негізі бірнеше бағытқа бөлінген. Соның ішінде түркітілдес елдермен ынтымақтастықты нығайту, байланыс­ты қалыптастыру сияқты маңызды жұмыс­тарға ерекше көңіл бөлінген.

Әзербайжанның Қазақ­стан­дағы мәде­ниет күндері 10 маусымға дейін созылады. Бүгін, ертең біз Астанада бол­сақ, 9 маусымда Алматыда концерт қоямыз. Жалпы, Қа­зақстанға біз елімізге ғана емес, алыс, жақын шетелдерге танымал біраз өнер қай­рат­керлерімізбен келіп отырмыз. Оның ішінде Аслан Гусейнов деген эстрада әншісі бар. Ол кісі бұрын Қазақстанда тұр­ған. Осы жерде туып-өс­кен. Кейін атамекені Әзер­бай­жанға көшіп келген. Ол Қа­зақ­станды өзінің бес сауса­ғын­дай жақсы біледі. Осы кі­сілерді біздің елдердің мәде­ниетін жалғап, бір-бірімізге деген ыстық ықылас­тары­мыз­бен бөлісетін адамдар деп санаймын.

НИЕТІМІЗ БІР, ТІЛЕГІМІЗ БІР

Заир ГАССЫ­МОВ,

Әзербай­жан мемлекеттік би ансам­блінің директоры:

– Бұл біздің Қазақ­станға алғаш рет ке­луі­міз емес. Тәу­ел­сіздіктің 20 жылы ішінде Әзер­бай­жан­нан Қазақстанға, сіз­дерден біздің елге көпте­ген өнер ұжымдары келіп, өз өнер­лерін ортаға салып қайтқан. Ал бұл жолғы біздің сапарымыз Әзербайжанның Қазақ­стандағы мәдениет күндерімен орайласып отыр.

Біздің елдің мәдениетінің тамыры қазақ халқының салт-дәстүрі, өнері, мәдениеті сияқты тереңде жатыр. Оған мыңдаған ғасырлар болған. Сол мәдениетті тарам-тарам ұрпақ арқылы бүгінгі күнге дейін жеткізу үлкен еңбек, үлкен отансүйгіштік сезімнен пайда болған деймін. Осы жолы біз Астана мен Алматыда әнші, бишілері­міз­дің ғана емес, мугаматистердің шығар­ма­шылығын да көрсетеміз. Сондай-ақ, Аслан Гусейнов деген эстрада әншіміз өз өнерін ортаға салса, биші қыз-жігіттеріміз қалың қазақтың алдында барынша жақсы өнер көрсетеді деп сенемін.

Біздің ансамбль шетелге жиі шығып тұрады. Жақында мәселен, Киевте болдық. Украина астанасы бізді жақсы қарсы алды. Ал концерт кезінде біз жергілікті халықты тәнті еттік деп ойлаймын. Олардың бізді кетерімізде жақсы шығарып салғанына қарағанда, солай деуге негіз бар.

Осы ансамбльде директор болғаныма біраз уақыт өтті. Шетелге шықсақ, тәжіри­бемен бөлісеміз. өз өнерімізді көрсетуге аянбаймыз. Енді Қазақстанға барасыздар дегенде қатты қуанып кеттім. Біз ниетіміз, тілегіміз бір туыс халықтармыз ғой.

АСТАНА МАҒАН ҰНАДЫ

Назим НАСИРОВ,

Әзербайжан мемлекеттік би ансамблінің бишісі:

– Әзер­­бай­жанның Қа­зақ­стандағы мә­­дениет күн­­дерінің бағ­дар­ла­ма­сында көптеген іс-ша­ралар жос­пар­ланған. Осының өзі біз­дің елдер арасындағы дос­тықты, ынтымақтас­тықты біл­діреді. Біздің бағдарлама Бейбі­т­ші­лік және келісім сарайында фотокөр­мемен басталса, одан әрі шығарма­шы­лық ұжым­дар­дың қаты­суы­мен өтетін концертпен жалғасады.

Біздің ансамбль Әзербайжанның ежелден келе жатқан билері мен халық әндерін орындаумен ерекшеленеді. Сондықтан болар, өзім осы ұжымның бір мүшесі болып, халықпен өз өнеріммен бөлісіп жүргеніме ризамын. Мен бимен 15 жылдан бері айналысамын. Мектеп бітіре салысымен Баку хореографиялық училищесіне оқуға түскен­мін. Соны ойдағыдай бітіріп, енді, міне бірнеше жылдан бері ансамбльдің мүшесі болып жүрген жайым бар.

Біздің ұжым шетелдерге жиі шығады. Соңғы рет Украинада гастрольмен болдық. Қазақстанға бұған дейін біздің ансамбль іс-сапармен болған да шығар, бірақ бұл менің Астанаға алғаш рет келуім. Астана маған ұнады. Біздің Баку сияқты самал желді қала екен. Бакуді самал желді қала дейтінін білетін шығарсыздар. Осындай тіркес Астанаға да жараса ма деймін.

АЛТЫН КӨПІР

Вугар ГУЛИЕВ,

Әзербай­жан мемлекеттік би ансам­блі­нің бишісі:

– Ғасырдан-ғасырға жал­ға­сып, тарам-тарам ұрпақ арқы­лы жеткен мәдениетті насихаттау – ата-бабамыз­дың алдын­дағы парызымыз болса, өске­лең ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.

Біздің мемлекеттік би ансамблі құрылған кезден бері тек халқымыздың бай мәдение­тін, өнерін насихаттаумен келеді. Біз КСРО кезінде де халқымыздың өнерін өзге елдерге насихаттап, дамыту үшін көп жұмыс істегенбіз. Ал тәуелсіздік алған кезде бұл жұмыс одан әрі дами бастады. Бүгінде Еуропа және Азия елдерінде біздің ансамбльді білмейтін елдер жоқ десем болады. Ан­самбльдің құрамында 50 шақты адам бар.

Жақында бізге министрліктегі басшыларымыз Қазақстанға барамыз, Әзербайжан­ның мәдениет күндері өтеді дегенде бәріміз де осы ұсынысқа қуана келістік. Өйткені, Қазақстанда түркі халықтарының мәдение­ті­не, өнеріне үлкен құрметпен қарайтынын білеміз. Мәселен, ТҮРКСОЙ ұйымы қазір дүние жүзіндегі түркі тектес елдерді бірік­тіретін үлкен ұйымға айналып отыр. Сон­дықтан біздің халықтар арасында алтын кө­пір болатын осындай шаралар жиі өткізілсе, мемлекет басшыларымыздың арасында дос­тық, ынтымақтастық қатынас нығайса, біз­дің елдер бір-біріне демеу болып, қолдау көр­сетіп, әлі биік белестерге жететініне сенемін.