Әлем • 21 Ақпан, 2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 21 ақпанда Екатеринбург қаласының жанында орын алған жол-көлік апаты салдарынан Қазақстан Республикасының бес азаматы зардап шекті. Ішінде біздің азаматтар бар Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы қар тазалайтын техникамен соқтығысқан. Автокөлік жүргізушісі Қазақстан азаматы болып табылады. 

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығы жергілікті билікпен шұғыл байланысқа шығып, біздің дипломаттар Екатеринбургтегі қазақ диаспорасының өкілдерімен бірге зардап шеккен отандастарымызға барлық қажетті көмек көрсетуде. Оған қоса, ҚР Қазандағы Бас консулы Еркін Тұқымов және казақ диаспорасы ұйымының жетекшісі зардап шеккен азаматтармен ауруханада кездесті. 

Бас консулдың Свердлов облысы Халықаралық және экономикалық байланыстар жөніндегі министрімен кездесуі барысында біздің азаматтарға барлық медициналық көмек көрсетуді сұрады. Өңірдің Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті тапсырма берілді.

Қазіргі уақытта үш әйел ауруханада, өз естерін жиған және қалпына келтіру терапиясынан өтуде. Қалған екі әйел алған жарақаттарының айтарлықтай еместігіне байланысты ауруханадан шығарылған. Көлік жүргізушісі жарақаттардың жоқтығына байланысты ауруханаға жеткізуден бас тартты.

Аталған мәселе Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығының бақылауында.