Бәрін дәлдік пен нақтылық шешеді
Сенбі, 30 маусым 2012 7:47
Нейрохирургия ғылыми орталығының құрамындағы біздің бөлімше МРТ, компьютерлік томография, операциялық ангиография, рентген, УДЗ, ЭКГ, т.б кабинеттерден тұрады.
Магнитті-резонансты томография (МРТ) – сәулелі диагностиканың әрдайым дамып отыратын әрі ең перспективалы саласы. Бұл арқылы адам мүшесінің кез-келген қуысын, кез-келген бөлігін, тінін көруге болады. Біздің бөлімшедегі «Siemens» фирмасының МРТ аппараты пациентті диагностикалау барысынан суретін де шығарып беруге қабілетті. Яғни, кейбір аппараттар секілді бұлдыратпай,
Сенбі, 30 маусым 2012 7:47
Нейрохирургия ғылыми орталығының құрамындағы біздің бөлімше МРТ, компьютерлік томография, операциялық ангиография, рентген, УДЗ, ЭКГ, т.б кабинеттерден тұрады.
Магнитті-резонансты томография (МРТ) – сәулелі диагностиканың әрдайым дамып отыратын әрі ең перспективалы саласы. Бұл арқылы адам мүшесінің кез-келген қуысын, кез-келген бөлігін, тінін көруге болады. Біздің бөлімшедегі «Siemens» фирмасының МРТ аппараты пациентті диагностикалау барысынан суретін де шығарып беруге қабілетті. Яғни, кейбір аппараттар секілді бұлдыратпай, адам органы қай көлемде болса да шығарып береді. МРТ арқылы біз аурудың ерте бастағы түзілімдерін анықтаймыз. Залалды, зарарсыз ісіктер, метастаздар анықталады. Суық тиген жерлер анықталады. Қазақы түсінікте «суық тиген» жай айтыла салғанымен, осы суық тиюдің өзі көптеген ауруларға әкеліп соқтырады. Жарақат алудан, жарақат алудан кейінгі, сондай-ақ отадан соңғы өзгерістер, патологиялар анықталады.
Магнитті-резонансты томографияның мүмкіндігі арқылы басты, ми тамырларын, мойын омыртқасы мен бел омыртқасын, кеудені мұқият зерттеуге болады. МРТ-мен зерттеу барысында шуыл қоса жүретіндіктен, пациенттің құлағына арнайы аппарат кигізіледі.
Сәулелі диагностиканың ішінде компьютерлік томографияның да алатын орны ерекше. Соңғы уақытта компьютерлік томография медицинада кең қолданысқа ие болып отыр және диагностикалық зерттеудің ажырамас бөлігіне айналды десек те қателеспейміз. Өйткені, бұл арқылы адамның он екі мүшесіне түгелдей дерлік зерттеу жүргізіледі. Біздің бөлімшеде стационарлық рентген аппараты мен компьютерлік томограф тәулік бойы жұмыс істейді. Орталықта емделетін науқастар мен жедел-жәрдеммен жеткізілген науқастарды тәуліктің қай бөлігінде де қабылдауға даяр.
Осы орайда жылжымалы рентген аппаратының жұмысын да айта кеткім келеді. Реанимация және ота бөлімшелерінде рентген аппаратының бақылауымен ота жасалады. Сондай-ақ, екі электроэнцефалографтың да қызметі айрықша. Науқастарды іріктеуде таптырмайтын құрал деуге келеді. Бұлар бейнемониторинг арқылы жұмыс істейді. Талма ауруын және біраз ауруларға жасалатын отаны электроэнцефалограффен бақылайды. Қысқаша айтқанда біздің бөлімшенің жұмысы негізінен заманауи аппараттарға тәуелді. Сол арқылы науқастарға дәл диагноз қойылуына, ем-домның дұрыс жүргізілуіне қол жеткізудеміз.
Болат БАЙЖІГІТОВ,
радиология және функционалды
диагностика бөлімшесінің меңгерушісі.