Таным • 25 Ақпан, 2019

Апта жаңалығы: Батыр бала Нәдір

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды

Апта жаңалығы: Батыр бала Нәдір

Анасымен серуендеп жүрген 5 жасар балақай Қарасай батыр көшесіндегі тереңдігі екі метр құдыққа түсіп кеткен.

Осы кезде Надир досымен бірге колледжден келе жатқан болатын. Жылап жатқан екі әйелді көріп, оларға келіп, не болғанын біледі. Содан соң ол бірден шешім қабылдап, құдыққа түсіп, баланы құтқарып қалған.

Астананың сол жағалауында 200-ден аса беті ашық құдық бар екені анықталған.

Оқиғадан кейін Сенат депутаттары құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарып қалған елордалық оқушы Нәдір Омарғазиевпен кездесті.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та Нәдірмен кездесіп, оған «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісін тағып, смартфон сыйлады.