Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Елдің әл-ауқатын көтеруді көздейді

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының қоғамдағы орны қандай дейтін болсақ, құрылғалы бергі уақыттың ішінде партия еліміздегі әрбір жетістікке өзіндік үлесін қосты деп айтуға болады. Сонымен қатар басқарушы партия тәуелсіз еліміздің бүгініне де, ертеңіне де жауап беретін күрделі құрылым.

Елдің әл-ауқатын көтеруді көздейді

Бүгінгі таңда елімізде пар­тия­ның 1 миллионнан астам мү­шесі бар. Бұл дегеніңіз үл­кен күш. Партия құрылғалы бер­гі уақыттың ішінде елімізде елеу­лі өзгерістер орын алды. Алай­да, мәселесіз қоғам болуы мүм­кін емес. Бұл орайда «Нұр Отан» партиясы халықтың та­лап-тілегіне де құлақ асып, әр­бір мәселенің оң шешілуіне ат­са­лысып келеді. Партия әрбір кезең­де өз бағдарламасын қа­бы­л­дап, оның орындалуына жо­­ғары деңгейде мән беріп отыр. Таяуда Елбасының қа­ты­суы­­мен Астана қаласында өте­­тін партияның съезінде бас пар­тия 2030 жылға дейінгі өз бағ­дар­ламасын қабылдайды. Бұл еліміз үшін жауапты кезең. Ал партия жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізудегі бас­ты мақсат – Елбасы Жол­дауын­да айтылғандай, азамат­тар­дың әл-ауқатын арттыру. Қазіргі кезде елімізде Елбасы Жолдауында айтылған жалақы көлемін арттыру, тұрғын үй, жастар мәселесі сияқты басым бағыттар жүзеге асып келеді. Тек қана жеткен жетістікпен өмір сүрмей, әрі қарай да үл­кен мақсат керек. Сапалы түр­де өзгеру қажет. Әлі де бол­са ел ішінде шешілмеген мәсе­ле­лер бар. Міне, «Нұр Отан» пар­тиясының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгі­зу­мен бірге түрлі мәселе­лердің де шешімі табылады.

Бүгінгі таңда «Қазфосфат» жауап­кершілігі шектеулі серік­тес­тігінде 6200 адам жұмыс іс­тей­тін болса, оның 2163-і «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Бір қуантарлығы, бұлардың көбі жастар. Бізге қарасты зауыт­­тарда да партияның бас­тауыш ұйымдары бар. Ұйым­дар­дың жұмысы да өндіріске үлкен үлес қосуда. Өзім де «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңе­сінің мүшесі ретінде қоғам­дық жұмыстарға араласамын. Ел­басының Жолдауында айтыл­ған­дай, біз де еңбек өнімділігін және өндіріс көлемін жыл сайын 20 пайызға арттырып отырмыз. Мәселен, өткен жылы кәсіп­орында 112 миллиард тең­генің өнімі өндірілсе, бұл көр­сет­кішті биыл 130-140 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл арқылы да ха­лық­тың әл-ауқаты артып, әлеу­меттік жағдайы жақсара түседі.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар