Бокс • 26 Ақпан, 2019

Боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің кезекті қарсыласы анықталды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев 1 наурыз күні Холливуд қаласында (Флорида штаты, АҚШ) келесі жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің кезекті қарсыласы анықталды

BoxRec.com хабарлаған мәліметтерге сәйкес, ол 34 жастағы жергілікті боксшы Винсент Дженнингспен (6-5-2, 4 КО) жұдырықтасады. Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасындағы бокс кеші Астана уақытымен 2 наурыз күні таңертең басталады. Бұған дейін Мұса соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйек күні осы аренада өткізіп, төрешілердің шешімімен колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) жеңген болатын.

Еске сала кетейік, спортшы жуырда ғана WBA International титулын алуға әрекет ететіндігін мәлім еткен еді.