Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 40-тан астам қылмыс ашылған

353 реткөрсетілді

Елордада 21-23 ақпан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері мен полицияның қоғамдық көмекшілері осы жылдың 21-23 ақпан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

«Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданды, тұрғын үй кешендерінің аулаларында, елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай жиналатын және бос уақыттарын өткізетін орындарда жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді» деп хабарлады ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы.

ЖАІШ 3 күндік қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 40-тан астам қылмысты ашып, іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды. 

Сонымен қатар 2200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 600-ге жуығы алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, 300-ге жуығы ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, 200-ге жуығы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша, ІІО есебінде тұрған 1000-ға жуық адам тексеріліп, 1000-нан астам адам азаматтық қару иесі және т.б. тексерілді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар