27 Желтоқсан, 2012

Қазақстанға қызыға қарайды

325 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстанға қызыға қарайды

Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:37

Шамалы уақыт бұрын Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 20 жыл толды. Біз бұл айтулы датаны халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелері бойынша қандай да бір түсініспеушіліктің болмауымен, ұстанымдарымыздың ұқсастығымен қарсы алып отырмыз.

 

Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:37

Шамалы уақыт бұрын Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 20 жыл толды. Біз бұл айтулы датаны халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелері бойынша қандай да бір түсініспеушіліктің болмауымен, ұстанымдарымыздың ұқсастығымен қарсы алып отырмыз.

1996 жылғы қазанда Қазақ­стан­ның Грекиядағы ресми өкіл­дігі ашылса, ол 2009 жылдың мамырында Елшілік болып қайта құрылды. Бұл қайта ұйымдастыру Грекиямен бірқатар салалар бойынша кең ауқымды ынтымақтас­тықты нығайтудың маңыздылы­ғын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Грек Республикасына бірінші мемле­кет­тік сапары 2001 жылғы шілде­де жүзеге асып, оның барысында Грекия Президенті К.Стефанопулоспен келіссөздер жүргізілді және мемлекеттік наградалармен алмасу орындалды. Елбасы Н.Назарбаев жоғары дәрежелі Азаткер (Спаситель) орденімен марапатталды. Бұл сапар Астана мен Афина арасындағы кең ауқымды ын­тымақтастық бойынша ұстаным­дарды айқындауға мүмкіндік берді.
Келесі жылдың маусымында Қазақстанға жауап сапармен Грекия Президенті К.Стефанопулос келіп кетті. Өткізілген келіссөз­дер­дің қорытындысы бойынша тараптар өздерінің саяси және эко­номикалық қызығушылық­тары­ның жақындығын, екіжақты қаты­настарды дамыту үшін елеулі әлеуеттің барын құптады. 2004 жылғы тамызда Олимпиялық ойындардың салтанатты ашылуына қатысу үшін Президент Н.На­зарбаевтың Афинаға сапары өтіп, оның барысында Грекияның Пре­мьер-министрі К.Караманлиспен кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан-Грекия ынтымақ­тас­тығына белсенді парламентаралық және сыртқы істер министрліктері арасындағы үнқатысулар елдері­міз­дің саяси, экономикалық және мәдени дамуының қағидатты мә­се­лелері бойынша өзара қолдау көрсету тән. Атап айтқанда, 2009 жылы Грекияға сол кездердегі Қа­зақ­стан Сыртқы істер министрі М.Тә­жин (маусым), Парламент Се­на­ты­ның Төрағасы, ЕҚЫҰ Пар­ламент­тік Ассамблея­сы­ның Вице-прези­денті Қ.-Ж.То­қаев (қазан) және Мемлекеттік хатшы – Сырт­қы істер министрі Қ.Саудабаев (жел­тоқ­сан) келсе, өз кезегінде 2010 жылы Қазақстанда Грекия Премь­ер-министрі Дж.Папандреу (жел­тоқсан) мен Грекия Сыртқы істер министрі Д.Друцас (шілде, жел­тоқсан) болып қайтты. 2012 жыл­ғы тамыздың соңында Грекия Парламентінің депутаты В.Полидорас Астанада өткен «Яд­ролық қаруға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халық­ара­лық конференцияға қа­ты­сып, аудитория алдында Қазақ­станның антиядролық бастамаларын қол­дап сөз сөйледі.
Қазақстан Грекияны Еуропа­дағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырады, бұл жоғары деңгейлердегі келіссөздерде бірне­ше рет атап өтілген. ЕҚЫҰ шең­беріндегі тиімді ынтымақтас­тық­тың арқасында екіжақты қатынас­тар дамудың жаңа кезеңіне көшті. 2010 жылғы желтоқсанда Астана­дағы ЕҚЫҰ Саммиті шеңберінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Грекия Премьер-министрі Дж.Папандреудің кездесуі нәти­жесінде елдеріміз арасындағы әре­кеттестікті дамытудың негізгі ба­ғыттары айқындалды. Бұған қоса, Грекия Президенті К.Папулиастың Елбасы Н.Назарбаевқа 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лығын сәтті аяқтауына орай арна­ған жолдауында екіжақты қаты­настарға жоғары баға берілді. Жолдауда мемлекетіміздің еуро­атлан­тикалық және еуразиялық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берілді.
Жас республикамыздың Пре­зи­денті Н.Назарбаевтың дана бас­шылығының нәтижесінде екі он­жылдықта қол жеткізген саяси және әлеуметтік-экономикалық же­тіс­тік­тері дүниежүзілік қоғам­дастықтың шынайы қызығу­шы­лығын тудыратыны сөзсіз. Біздің ойымызша, осындай қызығушы­лық Грекияның үкіметтік, іскер және қоғамдық орталарында да бар. Мемлекетіміз басшысының жыл сайынғы Жолдауларында ал­ға қойылатын жаңа мақсаттар Қазақстан-Грекия серіктестігін да­мытудың стратегиялық бағытта­рына толыққанды сәйкес келеді. Әрине, екіжақты қатынастардың болашақ дамуын қамтамасыз ету үшін шарттық-құқықтық базаның да нығайтылуы қажет. Бүгінгі таңда әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты өрістетуге мүм­кіндік беретін бірқатар келісімдер жасалған.
Астана Афинаны жауапты саяси үнқатысушы деп қана санамайды, Грекия Қазақстан үшін маңыз­ды сауда-экономикалық серіктес болып табылады. Ал аса перспективалы жобалар Қазақстан-Грекия экономикалық және технология­лық ынтымақтастық жөніндегі үкі­метаралық комиссия шеңбе­рінде қарастырылып келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2010 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларын құраған (оның ішінде экспорт – 992,58 млн. долл., импорт – 16,77 млн. долл.). 2011 жылы екіжақты сауданың көлемі 600 млн. АҚШ долларына дейін кеміп кеткен (оның ішінде экспорт – 575,43 млн. долл., импорт – 16,11 млн. долл.). Мұның мүмкіндіктерден көп төмен жатқан көрсеткіштер екені де анық.
Энергоресурстар өндіруші ре­тінде Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мә­селелеріне және баламалы энергия көздерін іздестіруге ерекше назар аударады. Бұл тұрғыда Грекияның Жерорта және Балкан аумақта­рында газ тасымалдау және энер­гетикалық торапқа айналу талпынысы Астананың көмірсутектерді жеткізудің экспорттық маршруттарын кеңейту бойынша жоспарларына сәйкес келеді.
Көлік саласында да ынтымақ­тас­тық үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Қазақстан мен Грекия тран­зиттік мемлекеттер болып табылады, сондықтан Батыс Еуропа және Азия бағыттарында тауар тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қолда бар мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдалану маңызды. Осы орайда тараптар бір-біріне өзара тиімді және жеңілдетілген негізде инфрақұрылымдық базаларын ұсы­­на алады. Ал әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс жағ­дайын­­да тараптар екі мемлекет экономикаларына теріс әсерді азайтуға жә­не өз нарықтарында капиталдарды кеңейтуге мүмкіндік беретін ин­вес­тициялық жобаларды ілгері­летуге ерекше маңыз беруі қажет деп білеміз.
Ағымдағы жылғы 5-ші Астана Экономикалық форумына грек компанияларының «Intracom» атты ірі тобына кіретін «Intrasoft International» компаниясының өкіл­дері қатысты. Тиімді үн қатысу алаңы бола отырып, бұл Форум тек Грекияның ғана емес, әлем елдерінің экономикалық сарапшылары мен бизнесмендеріне байланыс орнатуға, сондай-ақ макро- және микроэкономикалық даму салаларындағы едәуір өзекті мә­селелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Шағын және орта бизнес салаларында бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Мәселен, «ТаразКож­Обувь» ЖШС мен «Fidas» ком­паниясы («Boxer» сауда белгісімен аяқ киім шығарады) арасында ынты­мақ­тастық орнатылуда. «Fi­das» құрылғыларын ұсыну ар­қылы Жамбыл облысында аяқ киім тігу және тері өңдеу бойынша өндіріс­ті іске қоспақшы.
Сауда-экономикалық қатынас­тарды дамыту саласында Қазақ­станда понтиялық гректердің үл­кен диаспорасының тұрып жатқа­ны айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл диаспора тарихи ота­нымен байланыса отырып, екі мемлекеттің бизнес-субъектілері ара­сында көпір қызметін атқару мүмкіндігіне ие. Әртүрлі баға­лаулар бойынша, бүгінгі таңда Қа­зақстанда тұрып жатқан понтия­лық гректердің саны 13 мыңға жуық адамды құрайды. Осыған орай, Қазақстан мен Грекия арасында аумақтық деңгейде де қа­тынастар сәтті дамуда. 2007 жылдан бері Шымкент пен Ахарнон бауырлас-қалалары арасында же­міс­ті ынтымақтастық жалғасуда. 2011-2012 жылдары екі қаланың басшылық деңгейінде сапарлармен алмасу жүзеге асты.
Қазақстан мен Грекия арасын­дағы мәдени-гуманитарлық үнқа­тысу жақсы жолға қойылған және ол бірегей дипломатиялық құрал бола отырып, шын мәнінде халық­тарымызды жақындастырып келе­ді. Қазіргі уақытта екі елдің өнер қайраткерлері, ғалымдары, спортшылары мен студенттері Қазақ­стан­ның, сондай-ақ Грекияның әр­түрлі іс-шараларына белсенді түр­де қатысады. 2011 жылғы желтоқ­санда Қазақстанның Грекиядағы елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге орай бірқатар іс-шара ұйымдастырды.
Грекияның елімізге деген қы­зығушылығының артуымен байланысты жылдан жылға Қазақстан­­ның Грекиядағы достары шеңбері ке­ңеюде. Олардың белсенділеріне мемлекетаралық ынтымақтас­тық­ты дамытуға үлес қосқандары үшін «Қазақстан Республика­сы­­­­­ның тә­уелсіздігіне – 20 жыл» ме­рей­той­лық медальдары табысталды.
Келешекте екіжақты ынтымақ­тастық байланыстардың түрлі салалар бойынша сапалы жаңа деңгейге көтерілетіні күмәнсіз.

Сергей НҰРТАЕВ,
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы 
Төтенше және өкілетті елшісі.