Әдебиет • 28 Ақпан, 2019

Бүгін – Жамбыл Жабаевтың туған күні

1130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қазақ поэзиясындағы алар орны ерекше ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаевтың туғанына 173 жыл толды.

Бүгін – Жамбыл Жабаевтың туған күні

Өз заманында шынайы шындықтың көркем суреткері болған Жамбыл ақын 1846 жылы Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған.

Жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім - Сүйінбай...» деп Жамбыл Жабаевтың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті.