Шарайна
Сенбі, 8 желтоқсан 2012 7:17
АҚШ-қа жауап шаралар қолданады
АҚШ Конгресі «Магнитский тізімі» дейтінге қатысты арнайы заң қабылдады. Ол бойынша Ресейдегі адам құқын аяққа басып отыр деп саналған лауазым иелері Құрама Штаттар шекарасынан әрі аттап баса алмайды.
АҚШ-тың бұл қадамына Ресей бірден жауап шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың аузымен жасалды. Енді Мәскеу де адам құқын бұзған АҚШ азаматтарын елге еш жағдайда кіргізбейді. Адам құқының бұзылуы қандай іс-әрекетпен өлшенетінін екі жақ та нақтыламайды.
Сенбі, 8 желтоқсан 2012 7:17
АҚШ-қа жауап шаралар қолданады
АҚШ Конгресі «Магнитский тізімі» дейтінге қатысты арнайы заң қабылдады. Ол бойынша Ресейдегі адам құқын аяққа басып отыр деп саналған лауазым иелері Құрама Штаттар шекарасынан әрі аттап баса алмайды.
АҚШ-тың бұл қадамына Ресей бірден жауап шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың аузымен жасалды. Енді Мәскеу де адам құқын бұзған АҚШ азаматтарын елге еш жағдайда кіргізбейді. Адам құқының бұзылуы қандай іс-әрекетпен өлшенетінін екі жақ та нақтыламайды.
Мысырдың мазасы кетіп тұр
Египет Араб Республикасының президенті Мохаммед Мурси ел халқына телеүндеумен шықты. Онда ол оппозицияны келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Бірақ оппозиция президенттің бұл ұсынысын қабылдамай тастады.
Сөйтіп, Мысырда тайталас жалғасып жатыр. Мурсиді жақтаушылар мен оппозиция арасындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар да бар. 600-ден астам адам түрлі дене жарақатын алған. Ел астанасы – Каир қаласында оппозицияшылар «Мұсылман-бауырлар» партиясының штаб-пәтеріне от қойды. Бұл шараға шамамен 200 адам қатысқан. Елдегі қақтығыстар 22 қарашада Мурси конституцияға өзіне кең өкілеттіктер беретін түзетулер енгізбек болған кезде басталғаны белгілі.
Тайфун құрбандары көбейіп барады
Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралындағы тайфуннан көз жұмған адамдар саны 420-ға жетті. Кем дегенде тағы 400 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Ал АҒР деректері бойынша, қаза тапқандар саны 500 адамға жетіп отыр.
«Бофа» тайфуны Филиппин жағалауларына 4 желтоқсан күні ертеңгісін жеткен болатын. Ел басшылығы эвакуация жарияласа, ол 56 мыңнан астам адамды қамтыған еді. Топан су салдарынан бәрінен де Нью Батаан қаласының тұрғындары көп зардап шекті. Осыдан бір жыл бұрын аталған аралдағы су тасқынынан 1200 адам құрбан болған еді.
Медведев отставкаға кете ме?
Дмитрий Медведевтің үкіметі 2013 жылдың наурыз-сәуір айларында отставкаға кетеді. Мұндай болжамды Жаһандану проблемалары институты жасады. Оның себебі, Ресейдің билігіндегі «ағайындар» арасындағы соғыс, дейді Михаил Делягиннің институтындағылар.
Үкімет отставкасын жеделдететін қосымша фактор ретінде бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Елена Скрынник төңірегіндегі жанжал аталады. Ол Медведев серіктерінің бірі саналады. Өткен қараша айында «Россия 1» телеарнасы Скрынниктің «Росагролизинг» компаниясындағы ұрлыққа ықтимал қатыстылығы туралы материал көрсеткен болатын.
Саясаткер үй қамағына алынды
Бішкекте сот оппозиционер Нұрлан Мотуевке жаза қолданды. Ол жақында әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Енді, сот шешімі бойынша, Мотуев екі ай бойы үй қамағында ұсталмақшы.
Қырғыз саясаткері 5 желтоқсан күні ұсталған еді. Бұған осыдан бір күн бұрын 21 жастағы Бішкек тұрғынының милицияға жазған арызы себеп болды. Бикештің сөзіне қарағанда, ол Мотуевпен жақында танысыпты. Саясаткер оны бірден үйіне шақырып, зорлық көрсеткен. Енді осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, зардап шегушіге дене зақымы бар-жоғын анықтау үшін сараптама тағайындалған.
Ақырзаман туралы жариялады
Австралия премьер-министрі Джулия Гиллард ел азаматтарына үндеу жазып, онда жақында ақырзаман орнайтынын жариялаған. «Менің қымбатты отандастарым! Ақырзаман шын мәнінде келе жатыр. [...] Майя үндістерінің күнтізбесі дәл болып шықты», делінген Гиллардтың үндеуінде.
«Соңғы соққы қандай болатыны маңызды емес. Ол миды іштей жейтін зомби бола ма, тамұқтан шабуылдайтын әзәзілдер бола ма, бәрібір. Ең бастысы, мен әрқашан сіздермен біргемін. Ақыр аяғына дейін», деп сөз беріпті Гиллард. Австралиялықтар жергілікті радиостансалардың бірінде эфирге шығарылған роликке әртүрлі көзқарас танытқан.
Қысқа қайырып айтқанда:
Австралия полициясы Чилиден жеткізілген кокаиннің аса ірі партиясын тәркіледі. Чилиден, тұтастай алғанда, жалпы құны 81 миллион доллар тұратын 135 кило есірткі жеткізілсе керек.
Жапонияның Хонсю аралдары жағалауларында магнитудасы 7,3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпулер Токио қаласында да қатты сезілген. Биіктігі әрі кеткенде 1 метр болатын цунами күтіліп отыр.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі жергілікті базарларда сауда жасайтын шетел азаматтарына тыйым салу керек деген ұсыныс білдірді. Мұндағы мақсат жергілікті кәсіпкерлердің мүддесін қорғау көрінеді.
Түркіменстанда адасып кетіп шекара бұзған қазақстандық төрт көші-қон полициясының қызметкері мен үш аңшыға үкім шығарылды. Түркіменбаши қалалық соты ұсталғандарды қатаң режімдегі колонияда жеті жылға бас бостандықтарынан айырды.
Ресейдің Тверь облысының бұрынғы губернаторы Дмитрий Зеленин трактор жүргізушісінің куәлігін алды. Ол аталған облысты 2003 жыл мен 2011 жыл аралығында басқарған болатын. Енді Д.Зеленин ауыл шаруашылығымен айналыспақ.
Интернет материалдары негізінде әзірленді