Фото: primeminister.kz
«Елбасы кез келген экономикалық жетістіктер әрбір адамның әл-ауқатының өсуіне жол ашуы керек екенін айтып өтті. Осыған орай, Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік бастамалары елімізді әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне шығаруы тиіс», — деді А. Мамин.
Халықтың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту — әрбір Үкімет мүшесі үшін негізгі басымдық болуы тиіс.
Премьер-Министр келесі бағыттар бойынша Мемлекет басшысының Жаңа әлеуметтік саясатын іске асыруға дереу кірісуді тапсырды:
- халықтың табысын арттыру және тұрмысы төмен адамдарды қолдау;
- көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- білім беру және денсаулық сақтау салаларын, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту;
- өңірлерді кешенді түрде дамыту.
Мәселені қарау барысында Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын орындау шаралары туралы Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, Премьер-Министрдің Орынбасары Г. Әбдіқалықова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, сондай-ақ Алматы облысының әкімі А. Баталов, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов баяндады.
Сонымен қатар, отырыста «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов сөз сөйледі.
Премьер-Министр Асқар Мамин мәселені қарау қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
«Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдердің алдына халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты маңызды міндеттер қойды. Олардың шешімін табу Үкімет пен әкімдердің үйлескен бірлескен жұмысын талап етеді. Елбасының партия съезінде алған қоғайн барлық тапсырмалары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Үкімет мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша тиімді жұмыс жүргізуі керек. Бюрократия мен формализмге жол берілмесін», — деді А. Мамин.
Қарапайым адамдардың мәселелерін шешу қажеттігі аталып өтті. Барлық мемлекеттік органдар, әсіресе жергілікті жерлерде, осы бағытта қарқынды жұмыс атқаруы керек. А. Мамин ірі қалалардың қала маңы аумағында, шағын және моно қалаларда тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауды, әсіресе ауылда жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін салу, олардың қолжетімділігі мен қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.
Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды, оның ішінде жергілікті жол желілерін, электр энергетикасы мен газбен жабдықтауды жаңғырту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу тапсырылды.
«Елбасының әлеуметтік бастамаларының әрбір бағыты бойынша орындау мерзімі мен жауапты мемлекеттік органдарды нақты көрсетіп, Жол карталары әзірленсін. Бағыттардың әрқайсысын дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасының және аз қамтылған және көмекке аса мұқтаж азаматтардың табысының артуына үлкен серпін береді», — деп Премьер-Министр А. Мамин, барлық іс-шараларды жүзеге асыруға дереу кірісуді тапсырды.