Жартылай жеңіл салмақтағы Польшаның «халықаралық» чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа созылады деп есептелген болатын. Алайда кездесудің алтыншы кезеңінде қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласына сол қолмен жойқын соққы жасады. Гудель бірнеше қадам жасады да, есін жия алмай құлады. Спортшының орнынан тәлтіректей көтерілгеніне қарамастан төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Коточиговтың кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісі әрі төртінші рет қарсыласын нокаутқа түсіріп отыр. Гудель үшінші рет жеңіліс тапты.
Польшаның Легьоново қаласында бокс кеші өтті. Оның аясында қазақстандық боксшы Виктор Коточигов жергілікті спортшы Петр Гудельмен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
16 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 01:36
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
Шымкент • Бүгін, 00:23
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Спорт • Кеше
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше