Соңғы уақытта Үндістан мен Пәкістан арасы қайта шиеленісіп кетті. Оған 14 ақпанда Кашмирде болған лаңкестік әрекет пен Үндістан мен Пәкістанның осы оқиғаға қатысты іс-қимылдары себеп болды.

Пәкістан билігі айыпты ма?
Аталған лаңкестік оқиға Кашмирдің Үндістанға қарайтын аумағындағы Пулвама қаласында, үндістандық әскери көліктер қаз-қатар жүріп келе жатқанда жасалған. Нақтылай айтқанда, жанкешті өзінің басқаруындағы жарылғыш зат орнатылған машинаны әлгі көліктердің біріне соғады. Соның салдарынан Үндістанға тиесілі әскери көліктердің бірінде отырған 45 полиция мерт болды. Үндістан тарапы хабарлағандай, жарылысты Кашмирдің 22 жастағы тұрғыны жасаған. Көп ұзамай аталған лаңкестік шабуылды «Жаиш-е-Мұхаммед» тобы мойнына алды. Бұл топтың жарылысты өз мойнына алуы Пәкістанға оңай тимей тұр. Өйткені, «Жаиш-е-Мұхаммед» – осы елдің аумағында орналасқан, Джамму мен Кашмир штатын Үндістаннан бөліп, Пәкістанға қосуды көздеп жүрген ұйым. Үндістан жағы бұл топ Пәкістан билігінен қолдау тауып отыр деп есептейді.
Ресми Дели осы лаңкестік шабуылға Пәкістан билігінің қатысы бар екеніне бек сенімді. Осы орайда Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Пулвамадағы шабуылға тиісті жауап берілетінін мәлімдей келіп, ел әскеріне шекара маңында кез келген әскери қимыл жасауға рұқсат берді. Ал ресми Исламабад қарсы тараптың барлық айыптауларын жоққа шығарып бағуда. Пәкістан премьер-министрі Имран Хан жарылысты ұйымдастырушылар табылса, оларды жазалауға дайын екенін мәлімдеп, «Бұл шабуылға шын мәнінде пәкістандық тараптың қатысы бар екені расталса, кінәліні бізге беріңіздер. Біз шара қолданамыз», деді.
Жарылыстан кейінгі жағдай
Пулвамадағы оқиғадан кейін Үндістан қалаларында наразылық күшейді. Тұрғындар Пәкістанның туын өртеді. Пәкістаннан Үндістанға келетін тауарларға кеден салығы 200 пайызға өсті. Қос тарап та өз елшілерін кері қайтарып алды. Іле үнді полицейлері Үндістанға қарайтын Джамму мен Кашмир өңірінде 20 адамды тұтқындаған. Сондай-ақ Джаммуда Үндістан полицейлері мен қарулы топтар арасында қақтығыс болып, тоғыз адамның қаза тапқаны мәлім болды. Олардың бесеуі – үндістандық әскери болса, біреуі қарапайым тұрғын, үшеуі «Жаиш-е-Мұхаммед» тобының мүшесі көрінеді.
Жоғарыда айтылған оқиғалардан бөлек, 26 ақпанда Үндістан әуе күштері Пәкістанға тиесілі Кашмир аумағында орналасқан «Жаиш-е-Мұхаммед» тобының базасына шабуыл жасауы мәселені тым күрделендіре түсті. Нақтылай айтқанда, Үндістан әскери әуе күштерінің 12 жойғыш ұшағы «Жаиш-е-Мұхаммед» лаңкестік ұйымының жаттығу лагерін қиратқан. Кейбір деректер бойынша, әуе шабуылынан ұйымның 300 жасағы көз жұмған.
Осындай қарбаласты шақта, яғни 27 ақпанда пәкістандықтар Үндістанның екі ұшағын атып түсіріп, екі ұшқышты тұтқындағаны белгілі болды. Бұл туралы Пәкістан қарулы күштерінің өкілі генерал-майор Асиф Гафур: «Үндістандық екі ұшақты атып түсірдік. Олардың бірі біздің аймағымызға, екіншісі Кашмирдің Үндістанға қарайтын бөлігіне құлады. Екі ұшқыш та тұтқындалды. Олардың бірі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Екінші ұшқыш абақтыға қамалды», деп хабарлады. Кейінірек Pakistan Today агенттігі ұсталған ұшқыштардың бірінің бейнесі түсірілген бейнежазба жариялады.
Кашмир дағдарысы – әлемдік мәселе
Кашмир мәселесі 1947 жылы Үндістан мен Пәкістан өз тәуелсіздіктерін алған кезден басталған. Сол тұста халқының 70 пайызы мұсылман Кашмир өңірінің билеушісі Хари Сингх Үндістанға қосылу туралы шешім қабылдаған-ды. Бұл шешімге Пәкістан тарапы келіспей, ақырында 1947 жылы аталған аймақта Пәкістан мен Үндістан арасында 1949 жылға дейін жалғасқан соғыс болды. Бұл қақтығыс БҰҰ-ның араласуымен тоқтаған-ды. Содан 1949 жылдың 27 шілдесінде шекара сызығы белгіленіп, Батыс және Солтүстік Батыс Кашмир Пәкістанға, ал аймақтың қалған көп бөлігі Үндістанға бағындырылды. Алғашқыда осылайша түйткілді мәселенің шешімі табылғандай болған. Бірақ көп өтпей жағдай басқа арнаға бұрылып кетті.
Түсіндіре кетсек, 1952 жылы шілдеде Үндістан үкіметі мен Кашмир билеушісі арасында «Дели келісімі» жасалып, соның нәтижесінде, өлке Джамму және Кашмир штаты деген атпен Үндістан құрамына енгізілді. Сөйтіп Үндістан бұл мәселе біржола шешімін тапты деп есептеген-ді. Пәкістан жағы бұған келіспей, Джамму және Кашмирде референдум жүргізуді талап етті. Референдум өткізуге Үндістан көнбеді. Өйткені аталған штаттағы халықтың дені мұсылман болғандықтан, таңдау нәтижесі өздерінің көңілдерінен шықпайтынын түсінді. Дау осылайша күрделеніп кетті. Содан екі ел арасында 1965 жылы қарулы қақтығыс болып, ол КСРО және бірқатар елдердің араласуымен тоқтатылды. 1971 жылы тағы да қос тараптың арасында қарулы қақтығыс болды. Осы үш соғыстан бөлек, бүгінге дейін болған, көптеген азаматтарды опат еткен көптеген лаңкестік оқиғалар екі ел арасындағы орды тереңдете түсті.
Мұның барлығы Кашмирді Азиядағы ең қауіпті аймақтардың біріне айналдырды. Сондай-ақ екі мемлекеттің де ядролық клубқа мүше болуы, жаппай қырып-жоятын қаруға қол жеткізуі Кашмир дағдарысын халықаралық аса ірі проблемалардың қатарына қосты.
Осы арада айта кетейік, 2002 жылы Үндістан мен Пәкістан арасында Кашмирге қатысты кезекті жанжал басталып, арты қарулы қақтығысқа жалғасқан. Сол кезде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қос мемлекеттің басшыларын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысуға, келіссөз жүргізуге шақырған. Бұл шақыруды екі басшы да қабыл алып, 2002 жылы 3 маусымда Алматыға келген. 4 маусымда өткен саммит кезінде олар өздерінің ядролық қаруын бірінші болып іске қоспайтындары жөнінде мәлімдеме жасаған. Тағы бір айта кетер жайт, Кашмир мәселесіне тікелей қатысушы Үндістан мен Пәкістан 2017 жылдың маусымында Қазақстан белсенді атсалысып отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке толыққанды қабылданған. Қалай десек те, Қазақстан үшін саяси-экономикалық сенімді серіктес елдер – Үндістан мен Пәкістанның тату көрші болуы аса маңызды. Сондай-ақ олар бір-бірімен ынтымақты болуға қадам басса, бұл әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған үлкен үлес болар еді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Egemen Qazaqstan»
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Бүгін, 11:25
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 11:04
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Вакцина өндірушісіндегі өрт бес адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 10:53
Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады
Экология • Бүгін, 10:51
Қазақстанда қанша адвокат бары айтылды
Қазақстан • Бүгін, 10:44
Өткен жылы алименттен жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндірілген
Қазақстан • Бүгін, 10:36
Алматының телемедицина орталығы КВИ жұқтырғандарға тәулік бойы көмек көрсетеді
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Энергетика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:28
Атқарушылық сот құжаттары біріздендірілді
Қоғам • Бүгін, 10:25
Белгісіз адамдар Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда
Қоғам • Бүгін, 10:24
Зергерлік бұйымдар нарығының жұмысына маңызды қадам жасалды
Әлем • Бүгін, 10:23
Карантин талаптарын бұзудың 27 мыңнан астам фактісі анықталды
Қазақстан • Бүгін, 10:19
Қазақстанда сарбаздарды SMS-хабарлама арқылы әскерге шақыратын болды
Қазақстан • Бүгін, 10:07
Алматыда онкологиялық ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірі құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:05
ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды
Қоғам • Бүгін, 10:04
«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сағаты өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 09:50
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:47
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:45
Коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Білім • Бүгін, 09:35
Ералы Тоғжанов Қордай ауданындағы жұмыс барысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 09:28
Елімізде тағы 1076 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:24
Спорт • Бүгін, 09:19
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:15
Қазақстанда өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 08:46
Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)
Оқиға • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:42
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Саясат • Бүгін, 08:40
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Вакциналау пандемияны ауыздықтай ала ма?
Коронавирус • Бүгін, 08:37
Өнер • Бүгін, 08:23
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Руханият • Бүгін, 08:22
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Саясат • Бүгін, 08:10
Экономика • Бүгін, 08:07
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 08:05
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Экономика • Бүгін, 08:05
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
Әлем • Бүгін, 08:03
Қазақ журналистикасының қара нары
Қоғам • Бүгін, 08:00
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Кино • Бүгін, 07:57
Саясат • Бүгін, 07:54
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Ауыл • Бүгін, 07:52
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Саясат • Бүгін, 07:50
Әлем • Бүгін, 07:46
Пікір • Бүгін, 07:45
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қоғам • Бүгін, 07:41
Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды
Әлем • Бүгін, 07:40
Қоғам • Бүгін, 07:37
Қауіпті індет «құтыра» бастады
Қоғам • Бүгін, 07:35
Оқиға • Бүгін, 07:34
Таным • Бүгін, 07:33
Наурыз Қылышбаев: Қазақ әлемге қаласымен емес, киелі даласымен танылған
Сұхбат • Бүгін, 07:31
Жүргізушілер қуанатын күн жақын (Сенат маңызды заң жобаларын қабылдады)
Парламент • Бүгін, 07:31
Абай • Бүгін, 07:26
Бокс • Бүгін, 07:25
Әлем • Бүгін, 07:24
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футбол • Кеше
Қазақстан мен Қытай елшілері келіссөз жүргізді
Саясат • Кеше
Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді
Қазақстан • Кеше
«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда карантинді бұзғандарға 3,5 млн теңге айыппұл салынды
Президент • Кеше
«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар