Жергілікті тұрғындар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII cъезінде алға қойған негізгі міндеттердің толықтай іске асуын күтетіндерін айта келіп, ол міндетті сапалы атқарауға қазіргі Үкімет бар күшін салатынына сенім білдірді.
Шортанды ауылына сапар кезінде депутаттар 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» бағдарламасына қатысушы «Бастау-бизнес» бағдарламасы аясында ашылған сауда нысаны мен «SMAA» дүкенінде болды. Аймақта полиэтилен өнімдерін шығаратын, 2014 жылы пайдалануға берілген «Полимер-Пласт» мекемесінде болған кезде сенаторлар өндіріс барысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.