Бірақ ең бастысы, біз мұны не үшін істеп жатқанымызды түсінуіміз керек. Біздің барлық реформаларымыз және әлеуметтік жаңартуларымыздың, барлық күш-жігеріміздің түпкі және негізгі мақсаты – адами капиталды бәсекеге қабілеттілік ресурсына айналдыру.
«Нұр Отан» партиясының съезінде мақұлданған 2030 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары күнделікті өмірімізге басты тұжырымдаманы енгізді. Бұл азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге тікелей қатысты. Әлемдік тәжірибеде бұл – Well-Being тұжырымдамасы. Сондықтан да барлық жағымды жаңғыртулардың, алдыңғы қатарындағы және бастамашыл партия өзінің басты бағдарламалық құжатында осы маңызды бағытқа ден қойған.
Біз барлық азаматтардың әл-ауқатына қажетті негіз құруға тиіспіз. Бұл үшін ұлттық байлықты қайта бөлудің тиімді тетіктерін қамтамасыз етуіміз қажет.
Көп жағдайда өте таңғаларлық әлеуметтік ауытқулары бар Үндістан мысал ретінде алынады. Алайда, осы елде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік нормалары жазылған «Компаниялар туралы» заңға түзетулер енгізілді. Енді Үндістанда белгілі бір деңгейдегі пайдаға жеткен кез келген компаниялар қайырымдылық туралы кеңестер құруға және қоғам алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің (КӘЖ) қаражаттары қаншалықты және қалай жұмсалғаны туралы есеп беруі тиіс. Дегенмен, мұнда ешқандай міндеттеме жоқ және егер де компания КӘЖ бойынша қажетті соманы жұмсамаған болса да жазалау шаралары жоқ. Ең бастысы, ашықтық және компанияның мұқтаж адамдарға көмектесу, әлеуметтік жауапкершілік механизмін іске асыру ниеті бар.
Әлемдік тәжірибеде қайырымдылық көмек көрсете алатын және оны қажет ететін азаматтар бір-бірін оңай таба алатын жақсы сапалы жүйе бар. Қазақстанда қазір бұл шараны «Атамекен» ҰКП мен бизнес-қауымдастық бірлесіп жүзеге асыруда. Сонымен қатар америкалық үлгі де бар, мұнда азаматтар өз ақшаларын қайырымдылыққа салып қана қоймай, сонымен бірге салықтық жеңілдіктерге де қол жеткізе алады. Мысалы, АҚШ-та сеніп тапсырылған компаниялар бар, сізге өз активтеріңізді және құндылықтарыңызды сенімгерлік басқаруға тапсыруға және сонымен бірге салықтарды алып тастауға болады. Берілген активтерден түскен кіріс сақталып қалады, алайда қайырымдылыққа ақша аудару мүмкіндігі бар.
Тағы бір маңызды мәселе – салық заңнамасын жетілдіру. Мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастаманың аясында табысы төмен халықтың салықтық жүктемесін нөлге дейін қысқартты. Енді біз бұдан әрі қарай жүруіміз керек. Қазақстанда табыс деңгейі ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен төмен. Яғни, халықтың табысын арттыру қажет. Бүгінгі таңда Үкімет тиімділігінің көрсеткіштерін өзгерте отырып, негізгі мақсат ретінде халықтың табысын арттыру қолға алынып отыр.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселесін шешудің маңызды тетігі – нақты әлеуметтік көмек көрсетуді белгілеу. Съезде мақсатты әлеуметтік көмек деңгейі күнкөріс минимумының 70%-на дейін көтерілетіндігі туралы жарияланды. Мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер ұлғайтылады. Бұл маңызды шешім 2015 жылы Қазақстан қосылған БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді.
Президенттің «Нұр Отан» съезінде сөйлеген сөзінде көп балалы отбасылардың әл-ауқатын жақсарту туралы айтылды. Бұл өте өзекті, өйткені демографиялық ахуал маңызды мәселелердің бірі. Жастар жылының жария етілуі қазіргі заманғы қартаю үрдісін жасартуға бағыттап, жас ұрпақ дамуына инвестициялар салуға көзделді. Жастар – еліміздің басты артықшылығы. 2000-жылдарда демографиялық өсу экономикалық өсудің негізін құрады. Енді біздің алдымызда дағдарысты онжылдық тұр, бұл кезеңде біз жаңа экономикалық серпін жасауымыз қажет.
Бірақ жаңа жағдайда экономикалық өсудің адами тұрпаты танылуы тиіс, яғни әр санның артында азаматтың, әрбір отбасының жай-күйі көрінуі керек. Бұл тек адамдарға қатысты ұсақ, жеке мәселелерді шешіп отырған жағдайда ғана орын алады. Мысалы, тұрғын үй немесе жұмыспен қамтамасыз етуде анықтама ұсыну қажеттілігін алып тастау. Сол кезде ПИК тұрғындардың үміттері призмасы негізінде жұмыс істейтін болады. Мемлекет басшысы айтқандай, барлық бағдарламаларды азаматтардың қарапайым қажеттіліктеріне жақындату қажет.
Сонымен қатар әл-ауқат – бұл табыстың ұлғаюы және ұлттық байлықты қайта бөлу жүйесі ғана емес, одан да кең ауқымды ұғым. Мәселен, жалпы алғанда, біз адамдардың психологиясын өзгертуіміз керек. Әлеуметтік сана-сезімді жаңғыртуды қамтамасыз ету маңызды. Біреу бізге бір нәрсе беруі тиіс деп есептегенде, тәуелді сана қалыптасады. Бізде өзімізге ғана сенетін еркін нарықтық мінез-құлық бар, сонымен бірге бізде әлеуметтік қолдау жүйесі бар.
Жалпы, «Нұр Отан» партиясының съезінде біз мемлекеттік аппарат қызметінің, сонымен бірге билік партиясының қайта түрлену циклінің аяқталуын көрдік. Қазақстандықтар жаңа «мүмкіндіктер терезелерін» көрді. Енді қолға алынатын шаралар мен ресурстар нақты бенефициарларға жетуі үшін үлкен жұмыс атқару қажет.
Алдағы он жыл бүкіл әлем үшін де, біздің ел үшін де шешуші кезең болмақ. Экономикада, әлеуметтік салада және адамдардың дүниетанымында түбегейлі өзгерістер болады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев дамудың жаңа міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару деңгейін сапалы арттыру қажеттігін атап өтті. Бұл жағдайда «Нұр Отан» партиясына маңызды миссия жүктеледі. Келесі онжылдықта партияға жауапты рөл – Қазақстанды Үшінші жаңғыртудың басты қозғаушы күші және әлеуметтік жаңғырту кепілі болу сеніп тапсырылған. Өзекті күн тәртібін түйсіну мен қабылдау партияның басты форумында орын алды.
Зарема ШАУКЕНОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры