21 Қаңтар, 2012

Иран БҰҰ-дан күмәнданады

383 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Иран БҰҰ-дан күмәнданады

Сенбі, 21 қаңтар 2012 7:42

Иранның ядрошы-ғалымы Мостафа Ахмади Рошанды өлтірушілерге БҰҰ-дан алынған ақпа­рат­тың көмегі тиген болуы мүмкін.
Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Эшага әл-Хабибтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Рейтер агенттігі хабарлаған. Әл-Хабибтің айтуынша, қанішер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің мәліметтер базасындағы ақпараттарға қол жеткізген. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдар Иранда жүргізілген инспекцияның мәліметтерін құпия түрде сақтай алмай отыр.

 

Сенбі, 21 қаңтар 2012 7:42

Иранның ядрошы-ғалымы Мостафа Ахмади Рошанды өлтірушілерге БҰҰ-дан алынған ақпа­рат­тың көмегі тиген болуы мүмкін.
Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Эшага әл-Хабибтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Рейтер агенттігі хабарлаған. Әл-Хабибтің айтуынша, қанішер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің мәліметтер базасындағы ақпараттарға қол жеткізген. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдар Иранда жүргізілген инспекцияның мәліметтерін құпия түрде сақтай алмай отыр.

АУҒАНСТАНДАҒЫ ТІКҰШАҚ АПАТЫ
Ауғанстанда НАТО контингентіне қарасты тік­ұшақ апатқа ұшырап, со­ның салдарынан алты әскери қызме­т­ші қаза тапқан.
Оқиға елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында орын алған. Қарулы күш­тер қолбасшылығы әзірге тікұшақтың апатқа ұшырау се­беп­терін, сол сияқты қаза тапқан солдаттардың қай ұлттан екенін айтудан бас тартқан көрінеді. Сонымен бірге 20 қаңтар күні тікұшақ құлаған ауданда заңсыз қарулы құрылымдар мүше­лерінің белсенділігінің байқалмағаны да белгілі болып отыр.

ПЕРРИ БӘСЕКЕДЕН БАС ТАРТТЫ
Техас штатының губернаторы Рик Перри рес­пуб­ликалық партия атынан АҚШ президенттігіне кан­дидаттыққа ұсынылу құқы жолындағы күрестен бас тартты.
Оңтүстік Королинада өткен баспасөз мәслихатында осы жөнінде ресми мәлімдеме жасай отырып, Перри өзінің республикалық партиядан түсетін келесі кандидат Ньют Гингричке қолдау көрсететінін хабарлаған. Өткен жылдың тамызында өз кандидатурасын ұсынғысы келетін ниетін білдірген кезде Перри өзге үміткер-республикалықтар арасынан аз уақытқа болса да қара үзіп шыққан болатын. Бірақ халық алдында сөйлеген сөздерінің әлсіздігі оның танымалдығының құлдырап кетуіне әкеліп соқтырды.

ПАЛЕСТИНА ТӘУЕЛСІЗДІГІН МОЙЫНДАДЫ
Таиландтың БҰҰ-дағы миссиясы Палестинаның тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеген.
Палестина мемлекеті 1967 жылғы шекаралары бойынша мойындалып отыр, олай болса оның құрамына Иерусалим ғана емес, сонымен бірге израильдік елді мекендер бар аумақтар да кіруге тиіс. Палестина сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики Бангкок ел тәуелсіздігін 131-ші болып мойындады деп мәлімдеген. Осыған дейін Палестинаны ең соңғы мойындаған ел Исландия болатын.

ЗАҢ ЖОБАСЫНАН КІНӘРАТ ТАБЫЛДЫ
Франция сенатының комиссиясы басым дауыспен армян гено­ци­дін жоққа шығарғаны үшін жау­ап­кершілік енгізуді қарастыратын заң жобасы конституцияға қайшы келе­ді деп есептейді.
Заңнама жөніндегі комиссия жетекшісі Жан-Пьер Сю­эр­дің айтуынша, егер заңды сенат қабылданған жағдайда оның азаматтардың, сөз еркіндігін қоса алғандағы, конституциялық құқыларын бұрмалау қаупі мол. Түркияда сенат комиссиясының ұстанымы жоғары бағаланып отыр. Айта кету керек, аталған заң жобасы бойынша дауыс беру 23 қаңтар күні өтетін болады. Бұған дейін, яғни 2011 жылдың 22 желтоқсанында заң жобасын ел парламентінің төменгі палатасы қуаттаған болатын.

ТЫҢШЫЛЫҒЫ ҮШІН ЕЛДЕН ҚУЫЛДЫ
Ресей мен Канада арасында тұ­тан­ған тың­шы­ларға қатысты жанжал­дың соңы екі ресейлік дип­ло­маттың Оттавадан шығарылуына апарып соқтыр­ды.
Канада арнайы қызметінің пайымдауына қарағанда, Ресей елшілігінің қызмет­керлері таяуда ғана орыс агенттеріне құпия мәліметтер беру кезінде ұсталған әскери-теңіз барлау қызметінің лейтенантымен байланыста болған. Ресей елшілігінің төрт қызметкері отанына қайтарылып отыр. Олардың арасында атташе Константин Колпаков пен әскери атташе, подполковник Дмитрий Федорчатенко бар. Ал қалған екеуі техникалық қызметкерлер.

СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯДАҒЫ ЖАРЫЛЫС
Солтүстік Ирландияның Лондондерри қаласының орталығында екі бірдей жарылыс болды.
Би-Би-Си таратқан мәліметтерге қа­ра­ғанда, бір бомба ірі сауда орта­лы­ғы­ның жанында, екіншісі мемлекеттік ғи­мараттар ке­­шені маңайында жарылған. Төтенше оқи­­­ға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі сағат бұрын тер­рор­­лық акт болатыны туралы хабар алған полиция ха­­­лықты қау­­іпті жерден көшіріп үлгерген. Қазіргі уақытта бірде-бір ұйым теракт үшін жауапкершілікті өз мойындарына алмай отыр.

ЛОББИШІЛЕР ДЕ ТІРКЕЛУДЕН ӨТЕДІ
«Дэйли телеграф» басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания өкіметі лоббишілер үшін арнайы тіркелу енгізуді жоспарлап отыр.
Басылым қолына түскен құжатта келтірілгендей, «лоб­биші» сөзі кең мағынаға ие болған көрінеді. Кәсіподақтар, қайырымдылық ұйымдары, түрлі қысым жасау топтары мен сараптама орталықтары осы ұғымға енгізілген. Тір­келуден өткеннен кейін оларға өздерінің қаржыландырылу көздерін ашуларына тура келеді. Дәстүрлі мағынадағы лоббишіге келсек, олар өз клиенттерінің аты-жөндерін жа­рия­лауға мәж­бүр болмақшы. Ал тіркелуден бас тарту елеу­лі айыппұлмен немесе тіпті түрмеде қамау жолымен жазаланатын болады.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.