Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Тосихиро Никай: «Нұр Отан» партиясымен өзара ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниеттіміз

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның либералды-демократиялық партиясының
 бас хатшысы Тосихиро НИКАЙ «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Тосихиро Никай: «Нұр Отан» партиясымен өзара ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниеттіміз

Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы атынан «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен және партияның XVIII съезінінің өткізілуімен шын жүректен құттықтаймын.

Өз қызметін бастаған жылдардан бері «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның жетекші саяси күшіне айналды. Партия кең ауқымды ұлттық міндеттерді шешуге, оның ішінде заманауи және орнықты экономика құру, тұрақты әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен ынтымақты нығайту ісіне белсене қатысуда. Осы бағыттардағы қол жеткізілген аса маңызды нәтижелер партияның лидері – Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты халықтың қолдауы нәтижесінде мүмкін болды.

Қазіргі уақытта Жапония мен Қазақстан арасында қалыптасқан кешенді стратегия­лық әріптестікті тереңдетудің маңызды құрам­дас бөлігі ретінде партияаралық байланыстар жылдан-жылға дамып келеді. Біз «Нұр Отан» партиясымен өзара тиімді ты­ғыз ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниеттіміз.

«Нұр Отан» партиясы съезінің шешімі Қазақстанның тұрақты дамуына серпін беріп қана қоймай, халықтық партия жұмысы­ның болашақ бағдарын да анықтайды деген сенімдемін.

Тосихиро НИКАЙ,

Жапонияның

Либералды-демократиялық партиясының

 бас хатшысы