Әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Эльмира Сыздықова қола жүлдегер атанды. Кіші финалда ол норвегиялық қарсыласынан басым түсті.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтағы Мейіржан Шермахамбет пен 77 келідегі Темірлан Шадукаев та турнирдің қола жүлдегерлері қатарында. Мейіржан ресейлік Алексей Киянкинді 7:1, Темірлан қырғыз балуаны Қайратбек Туголбаевты 6:5 есебімен жеңді.
Бұған дейін еркін күрестен Нұрислам Санаев турнир жеңімпазы атанса, грек-рим күресінің өкілі Қорлан Жақаншв күміс, Хусейн Мульцогов пен Аманғали Бекболатов қола жүлде жеңіп алды.
Сондай-ақ, әйелдер күресінен Мария Седнева күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иегері атанды.