Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан Артем Захаров сынға түсті. Ол өзіне ыңғайлы саналатын омниум бойынша бақ сынаған еді.
Өкінішке қарай, Азия ойындарының қола жүлдегері әлемдік додада көсіле алмады. Захаров финалға шыққан 24 спортшының ішінен 20-шы орынды қанағат тұтты.
Омниум бәсекесінде Жаңа Зеландия өкілі Стюарт Кэмпбелл чемпион атанды. Күміс жүлдені франциялық Бенджамин Томас иеленсе, қола медаль ұлыбританиялық Итан Хейтердің еншісінде.