Үкімет • 04 Наурыз, 2019

Халықаралық проблемалар туралы жедел ақпаратты алу - қолжетімді - Бейбіт Атамқұлов

1063 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында айтты. 

Министр отырыста Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп берді.

 

Халықаралық проблемалар туралы жедел ақпаратты алу - қолжетімді - Бейбіт Атамқұлов

«Қазақстан күрделі халықаралық проблемаларды шешуде елдерді өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың рухында біріктіретін «әділ және адал брокер» әлеуетін толығымен іске асырды. Сыртқы саясатын сенім, өзара құрмет және әріптестік негізінде қалыптастыратын елімізге және оның Көшбасшысына деген сыйластық қатынас біздің Қауіпсіздік Кеңесіндегі барлық басымдықтарымызды толық іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы жұмыста біз Мемлекет басшысының бастамаларын ашып көрсететін маңызды іс-қимыл мен қорытынды құжаттар қабылдай алдық» деді Министр.

Сонымен қатар министр Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіміз еліміздің бірқатар саласына оң әсерін тигізгенін тарқатып айтты.

  • белсенді және жауапты халықаралық ойыншы ретіндегі беделін нығайтуға;
  • қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;
  • өңірлік мәселелердің шешімін табуға жаңа екпін беруге;
  • бірегей практикалық тәжірибе негізінде отандық дипломатияның кәсібилігін сапалық жаңа деңгейге шығаруға;
  • мамандарымызды Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымына ілгерілетуге;
  • маңызды халықаралық проблемалар жөніндегі жедел ақпаратқа қолжетімділік алуға мүмкіндік берді.

«Елбасының стратегиялық пайымы мен жаһандық ойлау қабілеті бар әлемдік ауқымдағы саясаткер ретіндегі халықаралық беделінің біздің еліміздің сыртқы саясаттағы жетістігінің басты кепілі болғанын тағы бір рет атап көрсеткім келеді. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында белсенді жұмысты жалғастыру, көп қырлы ынтымақтастық үшін әрекет ету, халықаралық тұрғыдан мойындалған қағидаларға негізделген әлемдік тәртіпті қолдау, басқа елдермен бірлесіп, жаһандық сын-тегеуріндерді еңсеру және жаһандық және өңірлік бейбітшілік пен дамуға жәрдемдесу ниетіндеміз» деді министр өз сөзінде.