Руханият • 04 Наурыз, 2019

ШҚО-да «Қанипатану» авторлық бағдарламасы жазылды

1743 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

КСРО Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, шын мәніндегі ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаева есімін ұлықтау, соңында қалдырған мол мұрасын насихаттау жұмыстары облысымызда жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

ШҚО-да «Қанипатану» авторлық бағдарламасы жазылды

Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, ұстаздың сіңілісі Бақытгүл Ауғанбаева Қанипа Бітібаеваның көзі тірісінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жылына 500-ден астам мұғалім келіп, ақыл-кеңес сұрап, ол кісінің тәжірибесімен танысқандықтарын айтады.

«2015 жылы ол отыз жылдан астам уақыт табан аудармай еңбек еткен оқу ордасында, өзі маңдай терін төгіп жұмыс істеген жерде еліміздегі тұңғыш педагогикалық музей ашылған еді. Қазір музей ресми түрде жұмыс істемесе де, «ұлағатты ұстаздың еңбек еткен шаңырағын көрейік» деп тұлғаға тағзым ете келетін жұрт қатары аз емес. Сондықтан ұстаз есімін ұлықтау бағытындағы жұмыстарымызды одан ары жалғастырып жатырмыз. Осы ретте «Қанипатану» авторлық бағдарламасы жазылғанын, ұлт жанашырының әдістеме саласындағы жаңашыл идеялары мен соңында қалған мол мұрасын сақтау, қорғау, дәлелді түрде иелік ету үшін мұрагерлік құқық алынып, арнайы мөрі жасалынғанын сүйіншілеп айтқым келеді. Ұстаз атындағы зертхана филиалдарының санының да жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Көзі тірісінде 9 зертхана болса, қазіргі таңда олардың саны 16-ға жетті. Республикалық зертхана халықаралық ЮНЕСКО клубының атағын алды. Қанипа Омарғалиқызының педагогикалық еңбектері орыс тіліне аударылуда. «Қанипа әлемі» атты 3Д журнал шығару ойымызда бар. Музей-кабинет республикалық инновациялық-педагогикалық фестивалінде 3 орынды иеленді. Жоспар көп, атқарылар жұмыс ауқымды», - дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН

 

Соңғы жаңалықтар