Жүздесуде көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз топтарын мемлекеттік қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Жергілікті тұрғындар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII cъезінде алға қойған негізгі міндеттердің толықтай іске асуын күтетіндерін айта келіп, қазіргі Үкімет ауқымды міндеттерді сапалы атқаруға бар күшін салатынына сенім білдірді. Шортанды ауылына сапар кезінде депутаттар 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» бағдарламасына қатысушы «Бастау-бизнес» бағдарламасы аясында ашылған сауда нысаны мен «SMAA» дүкенінде болды. Аймақта полиэтилен өнімдерін шығаратын, 2014 жылы пайдалануға берілген «Полимер-Пласт» мекемесінде болған кезде сенаторлар өндіріс барысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.
Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов, Дулат Құсдәулетов және Дәурен Әділбеков Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Шортанды ауданындағы «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер клубы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10