Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Тұтынушылық тауарлардың өнеркәсіптік өндіріс бағасының жылдық өсуі 1,8% құрады

670 реткөрсетілді

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/-1 п.т. өзгермейтін дәлізімен 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылдық инфляция төмендеуін жалғастырды және ақпанда нысаналы дәліздің ортасынан төмен қалыптасты. Алайда инфляциялық аяның, оның ішінде инфляция құрауыштарының теңгерімсіз серпінімен байланысты инфляцияның арту тәуекелі сақталуда. Алдыңғы базалық мөлшерлемені қарау кезінде ескерілетін сыртқы ахуалдың нашарлау тәуекелдері іске асқан жоқ және олардың болашақта туындау ықтималдығы, Ұлттық Банктің бағалауынша, төмендеді.

Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі 2019 жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізу ықпал етеді. Жылдық инфляция 2019 жылғы қаңтарда және ақпанда нысаналы дәліздің ортасында қалыптасып, тиісінше 5,2% және 4,8%-ға дейін төмендеді. Соған қарамастан, оның баяулау сипаты орнықсыз болып табылады. Мұны тұтыну бағаларының индексі негізін құраушылардың түрлі бағыттағы серпіні көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарларының инфляциясы айтарлықтай өсті (2018 жылғы желтоқсандағы 5,1%-дан 2019 жылғы ақпандағы 6,6%-ға дейін), бұл жеміс-көкөніс өнімдерін қоспағанда, іс жүзінде барлық тауар позициялары бойынша байқалды.

Ақылы қызмет көрсету бағасының төмендеуі жылдың бірінші екі айында (тиісінше 0,2% және 1,3%) табиғи монополиялар қызметінің тарифтерін төмендету бойынша әкімшілік шаралардың күшеюіне себепші болды, бұл нәтижесінде тұтыну бағасы индексінің сервистік құрауышының жылдық өзгеруінің жыл басынан бері 4,5%-дан 1,3%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы баяулауын жалғастыруда және ақпанда жылдық көрсеткіш бойынша 6,2%-ға жетті.

Шығасыларды құрауыштар айтарлықтай баяулады. Өнеркәсіп өндірісіндегі баға ақпанның қорытындылары бойынша жылдық көрсеткіште 7,7%-ға (жарты жыл бұрынғы 24,6%-бен салыстырғанда) дейін баяулады. Бұл ретте тұтынушылық тауарлардың өнеркәсіптік өндірісі бағасының жылдық өсуі 1,8% болды. Инфляциялық күтулер 2018 жылғы күздегі өршуден кейін біртіндеп төмендеуде. Қаңтарда 12 айдан кейін күтілетін инфляцияның мәні 4,7%-ға дейін төмендеді, бұл пікіртерім жүргізілген сәттен бастап ең аз мәні болып табылады. Инфляцияның жеделдеуін күтетін респонденттердің үлесі өткен жылғы қазандағы тарихи максимум 28,2%-бен салыстырғанда 17,2%-ға төмендеді, ал инфляцияның баяулауын күтушілердің үлесі, керісінше, соңғы жыл үшін ең көп мәнді құрады (27,4%).

Шығарылымның айырмасы оң болып бағаланды, алайда жоғары емес мәндер оның проинфляциялық әлеуетін шектейді. Оған қоса, ағымдағы жылда экономикалық белсенділіктің өсуі баяулады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтарда жылдық көрсеткіш бойынша 2,9%-ды (2018 жылдың қорытындысы бойынша 4,7%-ды) құрады. Өсімге оң үлесті тау-кен өнеркәсібі (6,8%), көлік (3,7%), сауда (7,5%), ауыл шаруашылығы (3,5%) қосты.

Халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуі (2018 жылғы желтоқсанда жылдық көрсеткіш бойынша 3,2%-ға өсу), сондай-ақ тұтынушылық кредиттеудің жандануы (қаңтарда жылдық көрсеткіш бойынша 14%-ға өсу) арқылы нығайтылған үй шаруашылықтарын тұтынудың ұлғаюы байқалады. Ағымдағы жылы фискалды ынталандыру есебінен тұтынушылық сұраныстың өсу үрдісінің күшеюі күтіледі. Алайда, инфляцияға деген әсер жоғары деп бағаланбайды және ақшакредит саясаты тарапынан дереу ден қоюды талап етпейді. Ағымдағы жылдың қаңтарында базалық мөлшерлеменің деңгейін алдыңғы қарау кезінде назарға алынған сыртқы ахуалдың айтарлықтай нашарлауына қатысты қауіптер, ақпанның қорытындысы бойынша ақталған жоқ және тәуекелдерді іске асыру ықтималдығы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 65 АҚШ долларынан жоғары қалыптасуда (2018 жылғы желтоқсанның екінші жартысында бір баррель үшін 55 АҚШ долларынан төмен деңгеймен салыстырғанда). ФАО-ның азық-түлік бағаларының индексі қаңтарда сүт өнімдері мен дәнді дақылдарға әлемдік баға индексінің өсуіне қарамастан, жылдық көрсеткіш бойынша 2,2%-ға азайды. Дегенмен де, жеке сыртқы факторлар тарапынан проинфляциялық тәуекелдер сақталуда.

Негізгі сауда-саттық әріптес елдердегі инфляция түрлі бағыттағы үрдістерді көрсетуде. Қаңтарда Ресейдегі жылдық инфляция 5,0%-ға дейін үдемелі өсуін көрсетті, ал Қытай мен Еуропалық Одақта ол тиісінше 1,7% және 1,5%-ға дейін баяулады. Қабылданған шешімнің арқасында ақша-кредит талаптары бейтарап болып қалуда. Нақты нарықтық пайыздық мөлшерлемелер инфляция бойынша нысаналы бағдарға қол жеткізуге жеткілікті және бір мезгілде экономиканың өсу қарқынын әлеуетті деңгейлерде ұстап тұруға ықпал ететін деңгейде тұр. Күйзелістер болмаған жағдайда жылдық инфляция 2019 жылға арналған 4-6%-дық нысаналы дәліздің жоғары шегі деңгейінде қалыптасады. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 15 сәуірде Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар