Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Сенат депутаттары Шығыс Қазақстанда болды

1282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Дүйсенғазы Мусин мен Сергей Плотников Шығыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіп кешені саласындағы басқармалар мен аумақтық органдардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат депутаттары Шығыс Қазақстанда болды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жария еткен бастамалары кездесудің басты тақырыбы болды.

Сенаторлар еліміз Парламентінің заң шығару қызметі, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу мен ауылдық аумақтарды дамыту туралы заң жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы отырысқа қатысушыларды хабардар етті.

Негізгі мәселелерді талқылау барысында жиналысқа қатысушылар агроөнеркәсіп кешені мен салық туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Сенатор Д.Мусин ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау -  Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Сенатор Д.Мусин сондай-ақ Өскемен қаласындағы «ВостокАгрохолдинг» мекемесінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Нұрлы Достық» ұйымында болды.

«Восток Агрохолдингте» болған кезде сенатор зауыттағы ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстармен танысты. Сенатор жыл сайынғы экспорттың жалпы көлемінде агроөнеркәсіп кешенінің өңделген өнімдерінің үлесі арта түскенін атап өтті. Бұл ретте агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау арқылы ауқымды көмек көрсетіліп келеді.

Д.Мусин «Нұрлы достық» ұйымында ауыл шаруашылығы дақылдарын қабылдау және кептіру жөніндегі өндіріс кешенімен танысты. Ол  экспортқа бағдарлаған кәсіпорынның табысты болатынын атап өтті.