– Қазіргі таңда біздің банк кәсіпкерліктің әртүрлі саласын қолдауға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарламаға, яғни шағын бизнестен ірі экспортқа бағытталған жобаларға дейін қатысады. Әрине, біз Қазақстан халқын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласын назардан тыс қалдыра алмадық, – дейді. Ал агробизнес – жеңілдетілген кредит беруде дауы көп, үлкен тәуекелдермен байланысты кәсіпкерліктің күрделі саласы болып табылады. Біз АКК-мен келісімге қол қою арқасында осы сектордың дамуына ықпал ете алатынымызға қуаныштымыз, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.
«Агробизнес» бағдарламасының шарттарымен ауыл шаруашылығының басым бағыттары белгіленген, оларды банк қаржыландыру туралы шешім қабылдай отырып, артықшылық беретін болады. Олардың ішінде: сүт өндірісі, құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы (көкөністер мен жемістер), сондай-ақ ет, балық және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобалар бар. Сегменттерді таңдау елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту тұрғысынан негізделген. Аталған бағыттар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде объектілерді жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға қаржы алуларына болады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ