Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін ақы алу жүйесі жалғасып жатыр

1180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ақы алу жүйесін енгізу жалғасып жатыр. Бұл туралы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жайында өтіп жатқан Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін ақы алу жүйесі жалғасып жатыр

«Биыл қаңтар айының соңында жалпы ұзақтығы 471 шақырым болатын Алматы-Қорғас (295 км), Алматы-Қапшағай (42 км) және Астана-Теміртау (134 км) жол учаскелерінде ақы алу жүйесі толық іске қосылды. Жалпы 2019 жылдың соңында ақылы учаскелерден (4 учаске) түсетін жыл сайынғы қаржы шамамен 5 миллиард төрт жүз миллион теңгені құрайды» деді Роман Скляр.

Министрдің айтуынша, келесі жылы ақы алу жүйесін тағы 5 мың бес жүз шақырымға жүргізу жоспарлануда, ол автомобиль жолдарын күтіп ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

«2022-ші жылдың соңына қарай ұзақтығы шамамен 6 мың бес жүз шақырым жол ақылы болады. Одан түсетін қаржы 40 млрд. теңгегежетеді, деген болжам бар. Бұл қаржы жолдың өзін өзі күтіп ұстау режиміне өтуге мүмкіндік береді» деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.