Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

Роман Скляр: 2015 жылдан бері желілердің тозуы 67%-тен 57%-ке дейін төмендеді

997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы Үкімет отырысы өтіп жатыр. Онда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жылумен, сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту саласында бюджеттік кредиттеу және субсидиялау механизмдері іске асырылып жатқанын сөз етті.

Роман Скляр: 2015 жылдан бері желілердің тозуы 67%-тен 57%-ке дейін төмендеді

«Мемлекеттік бағдарлама басталғалы бері (2015-2018 жылдары) 230 млрд теңгенің 404 жобасы іске асырылды. 3 259 километр 700 метр жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері, 24 қазандық, 71 басқа құрылыс нысандары салынды», деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде 2015 жылдан бері желілердің тозуы 67%-тен 57%-ке дейін төмендеген.

«2019 жылы 175 километр инженерлік желіні (41 км жылу желілері, 135 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, сондай-ақ 3 бірлік басқа объектілер) қайта жаңғыртуға және салуға 37 миллиард 9 миллион теңге көзделген» деді министр.