04 Ақпан, 2012

Израиль Иранға соққы жасай ма?

405 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Израиль Иранға соққы жасай ма?

Сенбі, 4 ақпан 2012 7:15

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Израильдің 2012 жылдың көктемінде Иранның ядролық нысандарына соққы жасау ықтималдығы мол деп есептейді.
Ол Иран өзінің атом бомбасын жасап, «иммунитет аймағын» өткенге дейін жүзеге аспақ. Пентагон басшысы өзінің де, президент Барак Обаманың да АҚШ-тың Иранға соққы жасауға қарсы екенін, осы елге қатысты ұлғайып келе жатқан халықаралық санкциялардың оның қауіпті шектен шығып кетуіне жол бермейтінін түсіндіргендерін айтқан. Сарапшылар Батыс Сириядағы Башар Асад режімін құлатқаннан кейін ғана Иранға шабуыл жасалуы мүмкін деп санайды. Ал оның қашан жүзеге асары әзірге белгісіз.

 

Сенбі, 4 ақпан 2012 7:15

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Израильдің 2012 жылдың көктемінде Иранның ядролық нысандарына соққы жасау ықтималдығы мол деп есептейді.
Ол Иран өзінің атом бомбасын жасап, «иммунитет аймағын» өткенге дейін жүзеге аспақ. Пентагон басшысы өзінің де, президент Барак Обаманың да АҚШ-тың Иранға соққы жасауға қарсы екенін, осы елге қатысты ұлғайып келе жатқан халықаралық санкциялардың оның қауіпті шектен шығып кетуіне жол бермейтінін түсіндіргендерін айтқан. Сарапшылар Батыс Сириядағы Башар Асад режімін құлатқаннан кейін ғана Иранға шабуыл жасалуы мүмкін деп санайды. Ал оның қашан жүзеге асары әзірге белгісіз.

ЖАПОН ӨНДІРІСШІЛЕРІ ШЫҒЫНҒА ҰРЫНУДА
Жапониялық электроника және тұр­мыстық техника шығарушылар бірінен соң бірі шығынға ұрынғ­ан­дары туралы есеп беріп, өздерінің болжамды табыстарын төмендетуде.
Оған сұйық кристалды және плазмалы теледидарларға деген сұраныстың төмен­де­уі, тұтынушы үшін бағалық тартыс­тар мен оңтүстік­корея­лық компаниялар туындатқан қатаң бә­секелестік себеп болып отыр. Экспорттық түсімдерді төмен­деткен иенаның шамадан тыс төмен бағамы, өткен жылы Жапония мен жапониялық компаниялар өздерінің өндірістік қуат­тарының бір бөлігін орналастырған Таиландта болған та­биғи апаттар да ахуалды күрделендіре түсіп отыр.

КАИРДЕ ҚАҚТЫҒЫСТАР ҚАЙТА ӨРШІДІ
Египет астанасы Каирдің орта­лы­ғында ереуілшілер мен полиция ара­сын­дағы қақтығыс қайтадан өрши түсті.
Египеттегі жағдай Порт-Саид қаласы стадионында орын алған қанды оқиғалардан кейін мейлінше шиеленісіп кеткен. Осы оқиғадан соң өздерінің қайғыларын білдіру үшін мыңдаған адам Каирдің орталығына жиналды. Қалың топтың арасында Порт-Саидтан келген жанкүйерлер де болды. Олар қолдарына микрофон алып өздерінің бастарынан кешкен үрейлі жағдайларды баяндаған. Соның салдарынан полицияны әрекетсіз деп кінәлаған топ ІІМ ғимаратына лап қойған.

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕГІ МӘМІЛЕ
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресей мен Қытай ұста­ным­дары ескерілген Сирия жөніндегі қарардың мәтіні бойынша келісімге келді.
Құжаттан Сирия лидері Башар Асадты шұғыл түрде отставкаға кетіру туралы үндеу мен Дамаскіге қару-жарақ жеткізіп беруге эмбарго қою туралы пункт алынып тасталды. Сонымен бірге қарарда Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияда ұлттық бірлік үкіметін құруды және кейін елде кезектен тыс сайлау өткізуді қарастыратын Араб мемлекеттері лигасының жоспарына қолдау жасалатыны да атап көрсетілген.

ИРАН ЖЕР СЕРІГІ ҰШЫРЫЛДЫ
Иранда жаңа «Навид» зерттеу спут­нигі ғарышқа ұшырылды.
Иран ғарыш агенттігінің басшысы Хамид Фазели ұшырудың сәтті өткенін ха­бар­лаған. Ол аппараттың 250-370 ша­­қырым биіктікте болатынын да атап көрсеткен. «Навид» байланыс спутнигі ретінде және табиғат құбылыстарын зерттеу, табиғи апаттардың алдын алу сияқты түрлі ғылыми мақсаттар үшін де пайдаланылатын болады. Таяу жылдарда Иран тағы да ғарышқа үш спутник шығаруды жоспарлап отыр. 2009 жылы бұл ел өзінің алғашқы «Омид» спутнигін ұшырған болатын.

АУҒАНСТАНДАҒЫ ӘСКЕР ҚАШАН ШЫҒАРЫЛАДЫ?
АҚШ қорғаныс министрі Леон Па­неттаның НАТО Ау­­ғанстан аума­ғын­дағы соғыс қимылдарын 2013 жылы аяқ­­тайды дегенімен АҚШ әкімшілігі осы елден әскерді шы­ғару жоспарына өзгерістер енгізілмеуін талап етіп отыр.
Леон Панетта НАТО контингентінің ау­ғандық әскери қыз­метшілерді оқытып-үйрету және ақыл-ке­ңестер беру үшін 2014 жылға дейін ел аумағында қалатынын да атап көрсеткен. Осы­­­ған дейін НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен НАТО әс­кер­лері Ауғанстаннан бұрынғы жоспар бойынша, 2014 жыл­­дың соңында шығарылады деп мәлімдеген болатын. Бұл мәлім­деме Франция президенті Н.Саркозидің НАТО әскерлерін мер­зі­мінен бұрын шығару керек деген үндеуіне жауап болып табылады.

СУҒА БАТҚАНДАР ІЗДЕСТІРІЛУДЕ
Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында батып кеткен «Ра­баул Куин» паромының 100 жолаушысын іздеу жұ­мыстары белсенді жүргізілуде.
Паром бортында болған 362 адамның 246-сы құтқарылып, аман-есен күйлерінде жағалауға жеткізілген. Дегенмен, жүз­ден астам жо­лаушының тағдыры әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Судан қа­за болғандардың денелері табылмаған көрінеді. Үкімет тепло­ход­тан шығып үлгермеген адамдар онымен бірге су түбіне батып кеткен жоқ па деген қауіп білдіріп отыр. Құтқарылған жолау­шы­лар­­дың айтуынша, апат болардың алдында паром өте үлкен тол­қын­ның астында қалып, соның салдарынан аударылып, суға батып кеткен.

ЕУРОПАНЫ ДА АЯЗ ҚЫСЫП ТҰР
Еуропада орын алған күшті аяз салдарынан 160-тан астам адам құрбан болған.
Шығыс Еуропа елдері бәрінен де көп зардап шегіп отыр. Оңтүстік-батысында минус 30 градусты көрсетіп тұрған Польшада соңғы тәулікте ғана 10 адам қаза тапқан. Барлығы осы елде апта ішінде 29 адам өмірлерімен қоштасқан. Румынияда 20 еркек пен әйел қатып қалса, жүз жыл бойы дерлік мұндай аязды көрмеген Болгарияда 10 адам үсіп өлген. Латвия мен Литва елдеріндегі жағдай да дәл осындай. Сол сияқты Ита­лия­да, Австрия мен Грекияда да қаза тапқандар бар.

БАСПАНАСЫЗДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Ресейдің барлық өңірлерінде ТМЖ аязға ұрынған адамдарға көмек көрсететін арнаулы пункттер ашуда.
Соңғы мәлімет бойынша бұрын-соңды болмаған аяз салдарынан елде 60-тан астам адам қаза тапқан. Осындай жағдай­лар­дың алдын алу үшін төтенше жағдайлар министрі С.Шойгу бүкіл ел бойынша баспанасыздарды тамақтандыратын және медициналық жердем көрсететін пункттер ашу жөнінде өкім шығарған.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.